РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:1

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 28 тур04 октября, 2014— 16:00
Ордабасы
г. Кызылорда, стадион им.Муратбаева 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар – Ордабасы 0:1 (0:1)

    Голы: Касьянов 45+1

    Предупреждения: Кулибали 11, Нехтий 70, Яблан 75, Розыбакиев 80 – Тунгышбаев 72, Бейсенов 75, Григоренко 90+1

    Кайсар: Прядкин, Даутов, Яблан, Кулибали, Нехтий (Калинин 84), Розыбакиев, Нарзилдаев (Алтынбеков 65), Марушко (Остапенко 81), Струков (К), Фурдуй, Хунт

    Резерв: Ширяев, Шестаков, Кунов, Балтаев

    Ордабасы: Григоренко, Мвесигва, Кудела, Фрейре, Суюмбаев, П.Алиев, Диакате, Бейсенов (к), Тунгышбаев, Касьянов, Тажимбетов (Кожабаев 90+2)     

    Резерв: Отарбаев, Гридин, Адырбеков, Фильчаков, Толебек, А.Алиев

    Судьи: Карлибаев (Уральск), Тасыбаев (Павлодар), Шабанов (Алматы)

    4 октября. Кызылорда. Стадион им. Г,Муратбаева. 5 200 зрителей

     

    ​Өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасынан жеңіліп қалған Қызылорданың «Қайсары» турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды. Дегенмен, әлі де мүмкіндік бар. Егер қалған төрт ойынды сәттірек өткізсе, Дмитрий Огай шәкірттері Еуропа лигасының жолдамасына қол жеткізіп қалуы әбден мүмкін. Әлі ешнәрсе жоғалтқан жоқпыз.

    ​Бірақ бүгінгі кездесу қызылордалықтар үшін сәтті өтті деуге келмейді. Ойын жүрген жоқ. Пастары да бір-біріне жетпей жатты. Қорғаныста сауатты ойнадық, алайда шабуыл шебі ақсап жатты. Алғы шептегі форвардтарымызға бірде пас жетпей жатса, бірде доп қарсылас қорғаушыларының оңай жемтігіне айналып жатты. Обалы не керек, «Ордабасы» да оңдырып ойнамады. Олардың да қателескен кезі аз болған жоқ. Осылайша ойын 90 минут бойы бір сыдырғы өтті. Әй, соқсаңшы сол сәтте Думан Нәрзілдаев, ойын түбегейлі басқаша бағытта өрбитін бе еді?! Басты немесе аяқты тоса салатын жерде кеудесін тоса салған Думан шамамен екі метр жерден допты «Ордабасы» қақпашысы Александр Григоренконың қолына ұстата салды. Дегенмен, шыны керек, жартылай қорғаушымыздың өзі де мұндай пастың келетінін күтпеген сияқты. Ал матчтағы жалғыз голды Артем Касьянов соқты. Айып добы сәтінде бразилиялық легионер Арауджи де Фрейремен пас алмасқан Артемнің шірене тепкен добы зымыран іспеттес ұшып, қақпашымыз Кирилл Прядкинге еш мүмкіндік қалдырмады. Екінші таймда «Қайсар» бас бапкері Дмитрий Огай ойынға өзгеріс енгізіп, үш ойыншыны кезегімен алмастырғанымен одан нәтиже шықпады. Ал шымкенттіктер театр актерларының рөлдерін керемет сомдап, сәл қақтығыс орын алса болды, аяқтарын жұлып алып кеткендей жерде уақыт созып жатумен болды. Қорытынды есеп – 0:1, турнир кестесінде «Ордабасы» «Қайсардың» алдына шығып кетті.

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:

    - Ойын тең дәрежеде өтті. Екі команда да гол соғатын мүмкіндіктер көп болған жоқ. Сондықтан, ойын тең аяқталғанда әділ болар еді. Өкінішке қарай, Думан Нәрзілдаев та матч басында гол соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Әйтпегенде, ойын мүлдем басқа арнада өрбитін еді.

    - Әдетте, жеңіліп жатқанда ойынға бірден өзгеріс енгізуші едіңіз. Бүгін футболшыларды кеш алмастырдым деп ойламайсыз ба?

    - Жоқ, кеш ауыстырдым деп ойламаймын. Дегенмен, Елжас Алтынбековтің шығатын сәті емес еді. Оған мүмкіндік беруді жөн көргенмін. Шабуыл шебін күшейтпек болып тағы да форвардтарды шығардым. Бірақ, бүгін жігіттердің жолы болмады.

    - Владислав Нехтийдің ойынына қандай баға бересіз?

    - Влад «Қайсар» сапында екінші рет қана алаңға шығып отыр. Тәжірибесі аздау. Дегенмен, нашар ойнаған жоқ. Әсіресе, ойын басында шабуыл шебіне тың серпін беріп, біраз көмектесті.

     

    Саулюс Ширмялис, «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері:

    - Иә, ойын шын мәнінде де тең жағдайда өтті. Дегенмен, біз өз мүмкіндігімізді голға айналдыра алдық. Бұл өз кезегінде Шымкенттегі жеңіліс үшін қарымта қайтару болды.

    - «Қайсар» сапында кімдерді атап өтер едіңіз?

    - Маусым басынан бері команданы өрге сүйреп келе жатқан футболшылардың бірі – Кирилл Прядкин. Бүгін де біраз қауіптің бетін қайтарды. Ал жалпы «Қайсар» бір ойыншының командасы емес. Тұтас ұжым ретінде мықты.

    Кайсар - Ордабасы 0:1 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Ордабасы:

    Резерв:

    .

    04 октября, 2014, 16:00 . г. Кызылорда, стадион им.Муратбаева. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7440 )