РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:2

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 25 тур14 сентября, 2014— 17:00
Кайрат
Кызылорда. Стадион им. Муратбаева 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Кайрат 0:2 (0:0)

    Голы: Гоу 62, Гоу 83

    Предупреждения: Кулибали 52, Яблан 71 - Исламхан 43

    Кайсар: Прядкин, Даутов, Кляйн (Шестаков 66), Кулибали, Яблан, Землянухин, Калинин (Алтынбеков 75), Розыбакиев, Фурдуй (Остапенко 78), Струков, Хунт

    Резерв: Ширяев, Балтаев, Кунов, Нехтий

    Кайрат: Хомич, Кислицын, Михалик, Куантаев, Плиев, Смаков (Едигарян 79), Бакаев, Исламхан (Лунин 75), Исаэл, Риера, Гоу (Дарабаев 89)

    Резерв: Грошев, Маркович, Куат, Байтана

    Судьи: Измайлов (Талдыкорган), Е. Попов (Усть-Каменогорск), А. Попов (Павлодар)

    14 сентября. Кызылорда. Стадион имени Гани Муратбаева. 3000 зрителей 

     

    «Бірінші таймда «Қайсарда» гол соғатын керемет мүмкіндік болды. Егер Антон Землянухин сол кезде мүмкіндігін мүлт жібермегенде ойын басқаша бағытта өрбитін бе еді...», - деп мойындады матч соңында «Қайрат» командасының бас бапкері Владимир Вайсс.

    Иә, шынымен де Антон Землянухин сол сәтті басқаша пайдалануы керек пе еді. Рас, қорғаушыларды тамаша алдап өтті. Тіпті, жасыл алаңдағы тірі аңыз Самат Смақовтың өзін жаңылыстырды. Бірақ тумасынан солақай Антон оң аяқпен допты қақпаға қалауынша бағыттай алмай, «теңбіл снарядты» «Қайрат» қақпашысы Дмитрий Хомичтің қолына ұстата салды. Егер тағы бір қадам алға басып, асықпай тепкенде допты жеңісті қазір «Қайсар» тойлап жатар ма еді... Бірақ, ойын біткен соң айта бересің ғой. Әйтпесе, мойындауымыз керек, қонақтардың шеберлігі қаншалықты жоғары екендігі байқалып тұрды. Екі клубтың қаржылық жағдайы да салыстыруға келмейді. Әрқайсысы өз ұлттық құрамасының негізін қалап тұрған ойыншы, жоқ дегенде үміткер. Дегенмен, жерлестеріміздің ерекше жігерлігін айта кеткеніміз жөн. Әр доп үшін жанталаса таласқан Дмитрий Огай шәкірттері жеңіс үшін барын салды. Құлады, жарақаттанды, қайта тұрды, өкінішке қарай, «Қайрат» легионері Жерар Гоудың екі шабуылы ойын тағдырын біржола шешіп кетті. Біріншісінде сол қапталдан асырылған пасты ашық тұрған қақпаға енгізсе, екіншісінде қорғаушылардан сытылып өтіп, допты Кирилл Прядкиннен асыра салды. Ал ойын соңында Римо Хунт қонақтар қақпасына гол соққанымен төреші соққыға дейін ысқырып, эстониялық шабуылшымыздың бұл добын санамай тастады.

    Қорытынды есеп – 0:2, «Қайсар» енді келесі турда 20 қыркүйек күні түзде «Ақтөбеге» қарсы ойнайды.

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» командасының бас бапкері:

    - Футболшыларымның жігерлігіне мін жоқ. Жеңіс үшін жандарын салды. Дегенмен, «Қайрат» футболшыларының шеберліктері, мойындауымыз керек, жоғары. Біздің бүгін алматылық командаға шамамыз жетпеді.

    - 0:1 есебімен жеңіліп жатқан кезде басқа-басқа емес, Кирилл Шестаковты шығаруыңыздың себебі неде?

    - Әлбетте, жүз жанкүйер болса, әрқайсысының өз пікірі болады. Мен осылай дұрыс деп шештім. Ал нәтижеге басқа емес, өзім жауап беремін. Енді тарқатып айтар болсам, біз алаң ортасында кемшін түсіп жаттық. Сондықтан, Сергей Струковты алға шығарып, оның орнына Кирилл Шестаковты шығаруым керек болды. Нәтиже бола ма деп ойлап ем, өкінішке қарай, бұл ойыншы алмасудан аса пайда болған жоқ.

    - Футболшылар ойын соңында фанаттар отырған секторға келіп, алғыстарын білдірген жоқ. Жалпы, команда футболшыларына жанкүйерлердің қолдаулары қаншалықты маңызды?

    - Мен бұған дейінгі сұхбаттарымда да айтқанмын, біз үшін жанкүйерлердің қолдаулары өте маңызды. Бүгін ойын соңында бірден трибуна астына кіріп кеткендері үшін сіздерден кешірім сұраймын. Алдағы уақытта мұндай нәрсе қайталанбауы тиіс. Бірақ, түсінсеңіздер екен деймін, жеңіліп қалған кезде ойыншының ешнәрсеге зауқы соқпайды. Барлығын ұмытып, мең-зең болады. Оларға да бұл жеңіліс оңай тиген жоқ. Дегенмен, алдағы ойындарда жанкүйерлерге алғыс білдіру керек екенін футболшыларға қадап айтатын боламыз. Олар да сіздердің қолдауларыңыздың қаншалықты маңызды екенін әрдайым айтып жүреді.  

     

    Владимир Вайсс, «Қайрат» футбол клубының бас бапкері:

    - Өте қиын ойын болады деп күттік. Шынымен де, жеңіс оңай келген жоқ. «Қайсар» турнир кестесінде жоғары сатыларда келе жатқан команда. Біріншілікті бірден қарқынды бастады. Футболшылары да тәжірибелі. Біразының «Қайратқа» тікелей қатысы бар. Бас бапкері Дмитрий Огай да өте білікті маман. Бүгінгі матчта да «қайсарлықтар» бар өнерлерін көрсетті. Егер бірінші таймның ортасында Антон Землянухин қақпамызға гол соғып кеткенде, ойын бағыты мүлдем басқа арнада өрбуі мүмкін еді. Абырой болғанда бәрі біз үшін сәтті аяқталды.

    - «Қайсар» мен «Қайрат» ойынында Алматы облысының төрешісі қызмет етті. Бұған не айтасыз?

    - Төрешілер туралы пікір айту менің құзырымда емес. Жалпы, ол өз жұмысын тиянақты атқарды деп ойлаймын. Екі командаға да зиянын тигізген жоқ.   

     

    Кайсар - Кайрат 0:2 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Кайрат:

    Резерв:

    .

    14 сентября, 2014, 17:00 . Кызылорда. Стадион им. Муратбаева. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7321 )