РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 21 тур26 июля, 2014— 19:00
Жетысу
Кызылорда. Стадион им. Муратбаева 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Жетысу 0:0

    Предупреждения: Нарзилдаев 56, Савич 71

    Кайсар: Прядкин, Кляйн, Кулибали, Даутов, Шестаков, Розыбакиев, Марушко (Савич 65), Молдакараев (Остапенко 85), Калинин (Нарзилдаев 46), Струков, Хунт

    Резерв: Ширяев, Кунов, Яблан, Фурдуй

    Жетысу: Пасеченко, Р. Сариев, Зотов, Кузьмин, Шаихов, Кадио, Эргашев, Данилюк (Ковалев 90), Эсатов, Путинчанин, Шафф (Демель 87)

    Резерв: Фирсов, Татишев, Адильханов, С. Сариев

    Судьи: Алиев, Джаспенов, Васютин (все - Алматы)

    26 июля. Кызылорда. Стадион имени Гани Муратбаева. 3500 зрителей 

     

    Қызылорданың «Қайсары» басты мақсатын орындады. 21-турдың аясында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен тең ойнаған Дмитрий Огай шәкірттері үздік алтылықтан ойып тұрып орын алды. Енді «Қайсар» ел чемпионатының жүлдесіне таласатын болады.

    Тәтті тамақты жеген сайын тәбетіңнің ашыла беретіні секілді «Қайсар» да жеңістерге жеткен сайын алдына биік мақсаттар қоя берді. Алдымен маусым алдында «команда осы жылдың қорытындысы бойынша Премьер-лигадағы орнын сақтап қалса жеткілікті» деп жүр еді, кейін үздік алтылық үшін таласа бастады. Міне, бұл тапсырманы да орындаған командамызды енді жаңа мақсаттар күтіп тұр. Сыр командасы енді ел чемпионатының жүлдесіне таласып жатса, таңғалмаңыз.

    «Жетісудан» жеңілмесе жеткілікті еді. Тең ойынның өзі «Қайсарға» үздік алтылықтан орын алуға мүмкіндік беретін. Cондықтан болар, алаң иелері еш асықпады. Әр қадамын сан ойланып барып басқан футболшылар ойын барысын толығымен өз бақылауларында ұстады. Дегенмен, шабуылдауды да ұмытқан жоқ. Мәселен, Думан Нәрзілдаевтың айып соққылары өте қауіпті болып, «Жетісу» қақпашысы Андрей Пасаченко бірнеше сейв жасауға мәжбүр болды. Сергей Струковтың бір минуттың ішінде екі рет қақпаны баспен нысанаға алғанын да көрдік. Бірақ мұнда да сәттілік жолдас болмады. Өз жанкүйерлерінің алдында жеңіске жеткісі келген Дмитрий Огай шабуыл шебін күшейтіп, Матич Марушконы Душан Савичке алмастырды. Одан кейін алаңға тағы бір шабуылшы Сергей Остапенко шығып, Жасұлан Молдақараевтың орнын басты. Бірақ алаң иелері қанша тырысқанымен доп «Жетісу» қақпасына дарымай-ақ қойды. Қорытынды есеп – 0:0.

    Енді команда бірінші кезеңдегі соңғы ойынын 3 тамыз күні Шымкентте жергілікті «Ордабасыға» қарсы өткізеді. Бұл матч қай команданың 5-ші, қайсысының 6-шы орынға табан тірейтінін шешіп береді. Ал одан кейін қызылордалықтарды жүлделі орындар үшін талас күтіп тұр.

     

    Сұлтан Әбілдаев, «Қайсар» ФК жаттықтырушысы:

    - Бүгін ең бастысы нәтиже болды. Сондықтан, футболшылардың көбінесе қорғанысқа қарайлап ойнағандары рас. Қазір үздік алтылықтан орын алдық. Енді бар өнерімізді салатын боламыз. 

     

    - Командаға жаңа қосылған ойыншылар неліктен алаңға бірінші минуттан бастап шықпай жүр?

     

    - Оларға командаға толық бейімделіп кету үшін әлі біршама уақыт керек. Бабына келген соң алаңға шыға бастайды. Жалпы қазіргі таңда кім дайын, алаңға солар шығады.

     

    Сергей Трубицин, «Жетісу» ФК жаттықтырушысы:

    - «Қайсар» командасын үздік алтылықтан орын алуларымен құттықтаймын. Қызылордалықтар бұған әбден лайықты. Бас бапкердің жұмысы көрініп тұр.

     

    - «Қайсар» сапында қай футболшылар ұнады?

     

    - Маған «Қайсар» команда ретінде ұнады. Бәрі де алаңда барын салып ойнап жүр. Бас бапкердің біліктілігінің арқасы ғой мұның бәрі. Әлбетте, Сергей Струков сынды тәжірибелі ойыншылары да бар.

     

    - «Жетісу» қаржыдан қағажу көріп жүр еді. Бұл мәселе шешімін тапты ма?

     

     

    - Негізі команда футболшылары айлықтарын уақытылы алып отырады. Бірақ жыл басынан бері сыйақыларын алған жоқ. Сондай-ақ, өткен жылғы қарыздардың да проблемасы әлі шешілмеді.

     

    Кайсар - Жетысу 0:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Жетысу:

    Резерв:

    .

    26 июля, 2014, 19:00 . Кызылорда. Стадион им. Муратбаева. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 7140 )