РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

1:1

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2014 , 10 тур06 мая, 2014— 17:30
Жетысу
Шымкент. Стадион им. Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Жетысу 1:1 (1:1)
    Голы:
    Заречный 31 (0:1), Нургалиев 45 с пенальти (1:1)
    Нереализованный пенальти: Заречный 69
    Предупреждения: Левин 68, Суюмбаев 71 - Ахметович 58, Кадио 60, Шаихов 62
    Ордабасы: Григоренко, Фрейре (Толебек 46), Мухтаров, Мвесигва, Суюмбаев, Левин, Диакате, Касьянов (Гетериев 78), Нургалиев, Аширбеков, Юнузович (Тажимбетов 72)
    Резерв: Отарбаев, Тунгышбаев, Бейсенов, Черны
    Жетысу: Пасеченко, Зотов, Шафф (Тотай 53), Ахметович (Демель 89), Шаихов, Климавичус, Кузьмин, Ковалев, Кадио, Заречный (Татишев 77), Путинчанин
    Резерв: Фирсов, Адилханов, Р. Сариев, С. Сариев
    Судьи: Кучин (Караганда), Джаспенов (Алматы), Шарипов (Атырау)
    6 мая. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 4000 зрителей

    Шымкенттің аптап ыстығы екі команданың алаңда көсіліп ойнауына өз қиындығын туғызды. Матчты әдеттегідей алаң иелері шабуылдаумен бастады. Ойынның 7-ші минутында Артем Касьяновтің жойқын соққысы қақпашы А.Пасеченконың қолынан табылды.
    Дегенмен, бірнеше рет шабуылдаудан нәтиже көрсете алмаған шымкенттіктер өз қақпасына гол жіберіп алды. 31-ші минутында «Жетісу» командасының жартылай қорғаушысы Константин Заречныйдің 17-18 метрдей жерден соққан добы қорғаушылардың біріне тиіп, бағытын өзгертті. Қақпашы А.Григоренко оған тоқтау қоя алмады. Есеп 0:1.
    Бірақ, жеңіске деген құлшыныстарын жоғалтпаған алаң иелері арада аз уақыт салып-ақ есепті теңестірді. Гафуржан Суюмбаев пен Азат Нұрғалиевтің айып алаңына кіргеніне қарсыластар өрескел әрекет жасады. Осы жерден төреші айып добын белгілеп берді. Жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев мүлт кетпеді. Есеп 1:1.
    Кездесудің екінші кезеңі алма-кезек шабуылмен басталды. Матчтың 69-ші минутында ордабасылықтардың қорғаушылары өз айып алаңында өрескел ойын тәртібін бұзды. Бүгінгі кездесудің бас төрешісі Артем Кучин екінші рет 11 метрлік айып нүктесін көрсетті.
    Осы жерден талдықорғандық ойыншы К. Заречныйдың соққан добын «Ордабасының» қақпашысы А.Григоренко дер кезінде қағып алды. Осылайша командаластарын аса қауіпті сәттен құтқарып қалған ол өзінің қырағылығын көрсете алды.
    Осыдан күш-жігер алған ордабасылықтар қарсыластарға бірнеше мәрте шабуыл жасады. Бірақ, «Жетісу» командасының футболшылары өз бапкерлерінің талаптарын сауатты орындап шықты.

    Омари ТЕТРАЗДЕ, «Жетісу» командасының бас бапкері:
    - Бұл жауапты кездесуге біз тиянақты дайындалдық. Бір жағынан, бізге сәттілік серік болды. Алғаш болып менің шәкіртерім есеп ашты. Десек те, осы голдан соң футболшыларымыз бір сәт босаңсып қалғандай болды. Осыны байқаған қарсыластар есепті теңестіріп кетті. Дегенмен де, 69-ші минутта біздің тағы бір гол саулға зор мүмкіндігіміз бар еді. 11 метрлік айып добын қақпаға дарыта алмай маңызды деген ұпайға қол жеткізе алмадық. Дегенмен, біздің басты мақсатымыз қорғаныста берік ойнау болатын. Сол тактикамыз орындалды. Бұл тең ойын жеңіске бергісіз деп ойлаймын. Бұл -футбол. Сондықтан да біз әрдайым алға қарай ұмтыламыз.

    Саулис ШИРМЯЛИС, «Ордабасы» командасының бас бапкері :
    - Менің ойымша бүгінгі тең ойын чемпионаттағы кестенің жиі болуынан болып отыр. Расында да, біз жаттығу жасауға үлгере алмай жатқанымызды жасырмаймын. Біздің командамыз бұл матчта қарсыластардың айып алаңында өте көп жұмыс істеді. Қаншама гол салатын мүмкіндіктер туғызды. Шәкірттерім ұтымды сәттерді пайдалана алмады. Команда бірден жасақталмайды ғой. Бірте-бірте қарыштап қадам басамыз деп ойлаймын. Жауапты сәттер әлі алда.

    fcordabasy.kz
    Фото Малик ИСКАКОВ
     

    Ордабасы - Жетысу 1:1 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Жетысу:

    Резерв:

    .

    06 мая, 2014, 17:30 . Шымкент. Стадион им. Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6764 )