РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

1:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 8 тур27 апреля, 2014— 17:00
Шахтёр
Кызылорда. "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар – Шахтер 1:0 (0:0)
    Гол:
    Калинин 69
    Предупреждения: Балтаев 90+1 – Байжанов 48, Вичюс 62, Фернандес 67, Порываев 74
    Кайсар: Прядкин, Балтаев, Кляйн, Яблан, Кулибали, Марушко, Шевцов, Молдакараев (Кунов 73), Калинин (Кушеков 86), Хунт (Мошников 73), Розыбакиев
    Резерв: Ширяев, Нарзилдаев, Савич
    Шахтер: Мокин, Габышев (Саломов 64), Малый (Топчагич 74), Тарасов, Фернандес, Порываев, Конысбаев, Байжанов, Вичюс, Финонченко, Жангылышбай (Муртазаев 71)
    Резерв: Покатилов, Ермеков, Василевич, Абуов
    Судьи: Чесноков (Усть-Каменогорск), Кусаинов (Астана), Журавлев (Павлодар)
    27 апреля. Кызылорда. Стадион «Локомотив». 3500 зрителей

    Бұл кездесудің нәтижесін сенсацияға балап үлгергендер де бар, бірақ шынтуайтына келгенде Қызылорданың «Қайсары» бүгін Қарағандының «Шахтерінен» басым болғаны рас. Негізінен қарымта шабуылдарға иек артқан Сыр командасы қонақтардың қақпасына бір емес, екі-үш гол соғатын керемет мүмкіндіктерге ие болды. Дегенмен, 1:0 де жаман нәтиже емес, ең бастысы қоржынға үш ұпай түсті.

    Қатарынан бес ойында жеңіске жеткен қарағандылықтар Қызылордаға да тек жеңіс үшін келгендіктерін матч бастала салысымен дәлелдеуге тырысты. Әсіресе, оң қапталда ойқастаған Ұлан Қонысбаев белсенді еді. Дегенмен, бүгін «Шахтер» сапында оныншы нөмірлі ойыншының ойын түсінер футболшы табылмады. Ал негізінен қарымта шабуылдарға иек артқан «Қайсар» ақыры дегендеріне жетіп, Илья Калинин соққан голдың арқасында жеңісті қонақтардан жұлып алды.
    Жалпы, шыны керек, ойынның алдында фаворит «Шахтер» болатын. Салыстырмалы түрде айтқанда, ойыншылары да өте қымбат. Оның үстіне, өткен жылы Еуропа лигасында фурор жасаған қарағандылықтардың амбициясы биыл да жоғары. Алайда, асыра сілтегеніміз емес, бүгін «кеншілер» ауттан басқа еш айласымен есте қалмады. Онда да литвалық легионер Гедиминас Вичюстің айып добымен пара-пар ауттары діттеген жеріне жетпей, қонақтардың әбден діңкелері құрыды. Рас, олар жиірек шабуылдады. Рас, доп көбінесе қонақтардың бақылауында болды. Бірақ футболда ең бастысы таблодағы нәтиже ғой. Ал бұл тұрғыда бүгін «Қайсар» командасының бас бапкері Дмитрий Огайдың ұстанған тактикасы өте жемісті болды. Әлбетте, бұл салыстыруымызды кейбіреулер әбестік көрер. Дегенмен, артық сілтегеніміз емес, «Локомотив» стадионында өткен «Қайсар» - «Шахтер» кездесуі бүгін көз алдымызға Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында өткен «Реал» - «Бавария» матчын елестеткені рас. Бұл жерде кімнің «Реал», кімнің «Бавария» болғанын мен айтпасам да түсініп отырған боларсыздар. Иә, ел футболы осы қарқынмен дами берсе, біз де сол деңгейге жетерміз. Ал бүгінгі ойынға қайта оралар болсақ, негізінен қорғанысқа иек артқанымен «Шахтерден» гөрі «Қайсарда» гол соғатын мүмкіндіктер көбірек болды. Атап айтсақ, Илья Калинин әлгі өзінің голынан сәл бұрын қорғаушылардан сытылып өтіп, тіпті қақпашы Александр Мокинді де алдап өткен. Бірақ дәлдік жетіспеді. Одан кейін Римо Хунт жүз пайыздық мүмкіндігін голға айналдыра алған жоқ. Александр Мокинді де алдап өткенімен қарағандылықтарға қақпа бағанасы көмекке келді. Алайда, ең бастысы үш ұпай қоржында, ал футболшылар, Рахымжан Розыбакиев айтпақшы, «Шахтерді» де жеңуге болатынын дәлелдеді. Енді өз күштеріне сене білсе, онда «Қайсар» алдағы ойындарда да қарсыластарын қақырата жеңулері тиіс.
    Айтпақшы, матч соңында команданың киім алмастыратын бөлмесіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі келіп, футболшылардың қолын алды. Құттықтап, алдағы ойындарға да сәттілік тіледі.

    Виктор Кумыков, «Шахтер» футбол клубының бас бапкері:
    — «Қайсарды» жеңісімен құттықтаймын! Олар бүгін жеңіске лайық болды. Иә, біз жеңіліп қалдық. Дегенмен, бұл жеңілістің де пайдасы бар. Біз бұған дейін бес ойында қатарынан жеңіске жеткенбіз. Содан футболшылар «Қайсарды» да оңай жеңеміз деп ойлаған шығар. Қызылордалықтарға қарсы психологиялық тұрғыда дұрыс дайындалмады. Міне, осы үшін «Қайсар» бүгін біздің жігіттерді аспаннан жерге түсірді. Сол үшін де бұл ойынның пайдасы бар деп отырмын. Енді футболшылар кез-келген қарсыласқа қарсы мықтап дайындалып шығуды үйренеді. Әйтпесе, тағы бір жеңіс болар болса, онда футболшыларымды мүлдем ұстай алмай қалар ма едім. Бір ғана өкінерім, біздің футболшылар артық ескерту алып қойды. Келесі ойын өте маңызды. "Астанамен" кездесеміз. Сол матчқа Гедиминас Вичюс сынды футболшылардың шыға алмайтыны өкінішті. Жалпы, футбол бейжайлықты кешірмейді. Сәл босаңсып қалдың ба, соның үшін жазаңды тартасың. Бүгін солай болды. «Қайсар» қарымта шабуылдарын өте сәтті пайдаланып, қажетті голын соғып кетті. Маған бүгін «Қайсар» сапында Илья Калинин мен Рахымжан Розыбакиев ерекше ұнады.

    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    — Өздеріңіз де көріп тұрсыздар, соңғы ойындар өте ауыр болып жатыр біз үшін. Соңғы қарсыластарымыздың барлығы да қарымды. Өткен жолы ел чемпионы «Ақтөбемен» кездескен едік, бүгінгі турда ел кубогының иегері Қарағандының «Шахтеріне» қарсы ойнадық. Дегенмен, биыл Премьер-лигада әлсіз команда жоқ. Оны бәріңіз де білесіздер. Алайда, бүгін футболшыларым өте сауатты ойнады. Қателіктерге бой алдырмай, тапсырмаларымды мұқият орындады.


    fckaysar.kz 

    Кайсар - Шахтёр 1:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Шахтёр:

    Резерв:

    .

    27 апреля, 2014, 17:00 . Кызылорда. "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6692 )