РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

4:2

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 6 тур13 апреля, 2014— 17:00
Ertis
Кызылорда. "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Иртыш 4:2 (2:2)
    Голы:
    Юрин 6 (0:1), Савич 20 с пенальти (1:1), Бегалин 27 (1:2), Струков 42 (2:2), Землянухин 48 (3:2), Савич 67 (4:2)
    Предупреждения: Кляйн 27 - Коробов 42
    Кайсар: Прядкин, Даутов, Кулибали, Кляйн, Алтаев, Мошников, Марушко, Розыбакиев (Землянухин 44), Калинин (Кунов 68), Струков, Савич (Яблан 80)
    Резерв: Ширяев, Шевцов, Молдакараев, Нарзилдаев
    Иртыш: Котляр, Джудович, Говедарица, Аманов (Аверченко 64), Хлебоун, Юрин, Бегалин (Бурзанович 52), Сартаков, Дудченко, Коробов, Иванов (Мухутдинов 46)
    Резерв: Калмыков, Кожабаев, Чернышов, Бакаев
    Судьи: Дузмамбетов (Усть-Каменогорск), Полуэктов (Тараз), Кенжебаев (Шымкент)
    13 апреля. Кызылорда. Стадион "Локомотив". 3800 зрителей  

     

    Қызылорданың «Қайсар» өз алаңында Павлодардың «Ертісінен» екі рет жеңіліп жатып, жеңісті қонақтардан жұлып алды. Есеп – 4:2.
    Ойын қонақтардың шабуылымен басталды. Расын айтқанда, алғашқы минуттарда павлодарлықтардың қарқыны қатты болып, «Қайсар» футболшылары «Ертістің» шабуылдарына әзер төтеп беріп жатты. Павлодарлықтар ауттарды бірінен соң бірін лақтырып, бұрыштамаларды да қатарынан орындап жатты. Нәтижесінде, ойынның 6-шы минутында қарымта шабуылды тамаша ұйымдастырып, алаң иелерінің қақпасынан саңылау тауып кетті. Гол соққан Игорь Юрин болатын. Оң қапталдан асырылған пасты еркіне оп-оңай көндірген Юрин допты қақпаның сол жақ бұрышына асыра салды.
    Бұл гол, шыны керек, «Қайсар» футболшыларының еңсесін бір сәтке түсіріп тастады. Біршама уақытқа дейін алаң иелерінің ойындары жүрмей, болмашы жерден қателесіп те жатты. Дегенмен, жиырмасыншы минутқа қарай естерін жинап, бойларын тіктеп алған Дмитрий Огай шәкірттері өздері де шабуылдарға көшіп, Котляр қақпасын торуылдай бастады. Ақыры дегендеріне жеткен Сыр футболшылары 20-минутта есепті теңестіріп кетті. Қарсыластың айып алаңында ойын ережесі бұзылып, бас төреші белгілеген пенальтиді Душан Савич сәтті орындады. Есеп – 1:1. Бірақ, қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Арада жеті минут өтер-өтпестен қорғанысымыздың оң қапталы тағы да «сөгіліп», Қуаныш Бегалин керекуліктерді алға шығарды. Абырой болғанда «қайсарлықтар» үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Рахымжан Розыбакиев айып добын әдемі орындап, «теңбіл снарядтқа» бірінші жеткен Сергей Струков таразы басын теңестірді.
    Есеп теңескеннен кейін ойын өрнегін тағы да жақсартуды жөн көрген Дмитрий Огай үзіліске дейін-ақ ойыншы алмастырып, Рахымжан Розыбакиевтің орнына Антон Землянухинді шығарды. Бас бапкердің бұл қадамы екінші таймның басында-ақ нәтижесін беріп, 48-минутта Антонның қақырата тепкен добы Котляр қақпасында тулап жатты. Ал 67 минутта ұйымдастырылған қарымта шабуылдың соңы голға айналып, қақпашымен жеке-дара шыққан Душан Савич кездесуге керемет нүкте қойды. Қорытынды есеп – 4:2, «Қайсар» 8 ұпаймен 6-орынға көтерілді.
    Бұл қызылордалықтардың биылғы маусымдағы екінші жеңістері. Матчтан кейін жанкүйерлердің де, басшылықтың да көңіл-күйлері көтеріңкі болып, облыс әкімінің жалынды сәлемін жеткізу үшін облыс әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев футболшылардың бөлмесіне беттеді де, команданы жарқын жеңісімен құттықтады.
    — Жарайсыңдар, жігіттер! Осы беттеріңнен қайтпаңдар! Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы да жалынды сәлем айтып жатыр. Біз сендерді әрдайым қолдаймыз. Тек осындай ойын үлгісін көрсетіп, жеңістерге жете беріңдер. Ал қаржы жағынан уайым жемеңдер. Біз сендердің барлық жағдайларыңды жасаймыз, - деді Нұржан Нұрмағамбетұлы.


    Тармо Рюютли, «Ертіс» футбол клубының бас бапкері:
    — Ойын өте тартысты өтті. Қандай баға берерімді де білмеймін, тіпті. Ерекше кездесу болды. Бір қарағанда ойын біздің сценарий бойынша өрбіп жатқан. Тізгі біздің қолымызда секілді еді. Бірақ, кенет қарымта шабуыл ұйымдастырған алаң иелері ойын барысын өз пайдаларына қарай өзгертіп жіберді. Екінші таймда қақпамызға гол соққан «Қайсар» футболшылары өздерінің шеберліктерін көрсетті.
     

    — Игор Бурзанович пен Ұлықбек Бакаев бұған дейінгі ойында жап-жақсы ойнап, «Ордабасы» қақпасына бір-бірден гол соққан еді. Бүгін олар неліктен бірінші минуттан алаңға шықпады?
     

    — Менде олардан басқа да мықты ойыншылар бар. Чемпионат ұзақ. Сондықтан, бүгін басқаларға да мүмкіндік беруді жөн көрдім. Меніңше, олардың орнына шыққан футболшылар да жаман ойнаған жоқ. Мәселен, бірінші таймда екі гол соқтық. Ал голдарды кім соқса да бәрібір ғой.
     

    — «Қайсар» сапында қай футболшылардың ойын өрнектері ұнады?
     

    — Шабуылшыларыңыз жақсы екен. Сонымен қатар, оныншы нөмірлі Антон Землянухин ойын тағдырын шешіп кетті десем де болады. Маған соның ойыны ұнады. Техникасы жетілген шебер футболшы екені көрініп тұр. Сондай-ақ, Сергей Мошников та жақсы ойнады. Бірақ мен оның әлеуетін бұрыннан білетінмін.
     


    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    — Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ойын басында-ақ қақпамызға гол жіберіп алып, жағдайымызды қиындатып алдық. Рас, матч алдында-ақ қарсыласымыздың қос қапталды керемет пайдаланатынын білгенбіз. Стандартты жағдайларда да қауіпті екенін білетін едік. Дегенмен, жігіттердің жігерліктерін көрсетіп, жеңісті жұлып алғандары үшін ризамын.


    — Екінші таймда команда бірден алға атойлап шықты. Үзіліс кезінде футболшыларға қандай ақыл-кеңес берген едіңіз?
     

    — Үзіліс кезінде футболшылардың кейбір қателіктерін талқыладық. Содан кейін екінші таймда шабуылда қарқынды болулары керектігін баса айттым. Жігіттер тапсырмамды бұлжытпай орындады.
     

    — Негізгі құрамда шыққан футболшылар команданың іргетасын қалайтындар ма?
     

    — Мұның алдында Қостанайда осы футболшылар тәп-тәуір ойнаған. Сондықтан, бүгін де өзгеріс енгізбей-ақ қоюды жөн көрдім. Рас, кейбір футболшылар бабында болмай қала ма деп қауіптенгенмін. Бірақ тәуекелге бел будым да, негізгі құрамға бүгін осы жігіттерді шығардым.
     


    fckaysar.kz

    Кайсар - Ertis 4:2 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Ertis:

    Резерв:

    .

    13 апреля, 2014, 17:00 . Кызылорда. "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6613 )