РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

1:0

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2014 , 6 тур13 апреля, 2014— 16:00
Актобе
Шымкент Стадион имени Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Актобе 1:0 (1:0)
    Гол:
    Юнузович 2
    Предупреждения: Гетериев 61, Аширбеков 86, Григоренко 90+2 - Мулдаров 5
    Ордабасы: Григоренко, Фрейре, Мухтаров, Мвесигва, Суюмбаев, Левин (Тунгышбаев 77), Диакате, Касьянов (Черны 89), Аширбеков, Гетериев (Нургалиев 73), Юнузович
    Резерв: Отарбаев, Тажимбетов, Ирисметов, Бейсенов
    Актобе: Сидельников, Мулдаров, Царикаев (Шабалин 83), Мирошниченко, Пиззелли (Гейнрих 68), Хайруллин, Неко, Арзуманян (Зенькович 71), Коробкин, Логвиненко, Кападзе
    Резерв: Нарзикулов, Бадло, Тагыберген, Аймбетов
    Судьи: Алешин (Павлодар), Кусаинов (Астана), Шарипов (Атырау)
    13 апреля. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 4500 зрителей 

     

    Игра началась с активных атак «Ордабасы». На второй минуте хозяева открывают счет. Забил Юнузович, который расстрелял ворота Сидельникова из пределов штрафной площади.
    Далее продолжается активная игра с обеих сторон. На 13 минуте Хайруллин подает с левого края в штрафную на Неко, но вратарь спасает ворота. «Актобе» с огромными усилиями атаковал, чтобы сравнять счет, но Григоренко показывает одну из своих лучших игр. На 17-й минуте Неко мог восстановить статус-кво. Пиззелли протолкнул мяч ногой, Данило рвался к воротам и бил по воротам, но мяч просвистел выше. Второй тайм «Актобе» начал с полной атаки в ворота «Ордабасы». Но защитники отбились и не ошибались в штрафной площадке. Тренер шымкентцев во втором тайме выпускает на поле Нургалиева, и игра достаточно оживилась. В одном из эпизодов Нургалиев врывается в штрафную, и с 5 метров не попадает в ворота. Главный тренер гостей Владимир Никитенко выводит главных фигурантов команды «Актобе» Зеньковича и Гейнриха, но они также не смогли спасти команду от поражения.
    «Ордабасы» заслуженно побеждает в важнейшем матче против чемпиона. Радостные болельщики стоя аплодировали игрокам хозяев.



    Шымкенттің «Ордабасы» командасы ел чемпионы «Ақтөбеге» қарсы асқан жігерлікпен алаңға шықты. Ойынның алғашқы минутында -ақ шабуылшы Эдин Юнузович қақпаға доп тепті. Сиқырлы спорттың кереметі сол, ешкім мұндай жойқын шабуылды одан күткен жоқ.
    «Ордабасының» сұрмергені Э.Юнузович А. Сидельников қорғаған қақпаны алдымен алыстан көздеп, сынады. Алайда, ұлттық құраманың бас қақпашысы А.Сидельников дер кезінде құстай ұшып, теңбіл топты қағып қалды.
    Арада небәрі бир минут өтісімен Э.Юнузович тағы да өзінің шеберлігін көрсетіп, 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанған «Ақтөбе» командасына ең керемет сәтті голын салды. Айып алаңының ортасында тұрып дәлдікпен жасаған жойқын соққысы қақпаның торына дәл түсті. Есеп 1:0.
    Расында да, бұл гол биылғы футбол чемпионатының ең қысқа уақытта салынған голдардың көшін бастайды. Анығы осы.
    Осы голдан кейін В.Никитенко шәкірттері есепті теңестіру мақсатында қарсыластарға үстін-үстін шабуылдар ұйымдастырды. Әсіресе, Тимур Кападзе мен бразилиялық Данило Неко жұбы бірнеше рет қауіпті жағдай туғызды.
    Алайда, бүгінгі кездесуде ордабасылық қақпашы Александр Григоренко ешқандай да қателікке бой алдырмады.
    Сонымен қатар, жартылай қорғаушы Марат Хайруллин екі рет алыстан допты теуіп, гол сала жаздады. Бірақ, оқ бойы озық А.Григоренко дер кезінде допты қағып алды.
    Артынша шымкенттіктер жасыл алаңда бірлескен шабуылдар ұйымдастырды. Ал, ойынның екінші кезеңінде «Ақтөбе» футболшылары асқан басымдыққа ие болды. Дегенмен, Саулюс Ширмялис ізбасарлары жоғары деңгейдегі тактикаға көшіп, қарсыластарына тойтарыс берді.
    59-ші минутта Артем Касьяновтың жойқын соққысын Мұхтар Мұхтаров аяғының өкшесімен қарсыластардың қақпасына бағыттады. Ақтөбелік қорғаушылар сол сәтте-ақ қақпаның сызығынан алып шықты.
    90 минут бойы «Ақтөбе» командасының ойыншылары есепті өзгертеміз дегенімен толассыз шабуылдары нәтижесіз қалды. Осылайша, таблодағы есеп 1:0 күйінде өзгерусіз қалды.
    Қажымұқан атындағы орталық стадионға өз командасына жалынды жанкүйер болуға көптеген жанкүйерлер жиналған болатын. Бүгін олардың қуанышында шек болмады.
    Осылайша, Қазақстандағы ең мықты команданы тізе бүктіру 6 тур ойындарында шымкенттік футболшыларға бұйырды.

    Ойын соңынан болған баспасөз мәслихаты .
    Владимир НИКИТЕНКО, «Ақтөбе» командасының бас бапкері:

    - Қарсыластардың бүгінгі жеңісін заңды деп бағалауымыз қажет. Менің шәкіртерім өз деңгейіне сай өнер көрсете алмады. Несін жасырамыз, 2-ші минутта қақпаға гол жіберу үлкен қателік. 90 минут бойы нәтижесіз ойнау деген қиын жағдай .
    Ойыннан соң бізде арнайы селекция болады. Сол сәтте біз қай жерден қателік жібергенімізді терең талдайтын боламыз. Менің ойымша, бір анығы чемпионат барысында біз өзіміздің бағытымыздың айқын екенімізді білеміз.
    Бұл маңызды кездесуде ордабасылық Эдин Юнузовичтің бірінші голы, бірінші добын қорғаушыларым назардан шығарып алды. Осындай қолайсыздықтың салдарынан біз жеңілуге мәжбүр болдық.

    Саулюс ШИРМЯЛИС, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
    - Шынымды айтсам, бүгінгі ел чемпионымен өткізген матч шәкірттерім үшін өте жауапты әрі қиын болды. Себебі, сегіз күннің ішінде үш ойын өткізу қай команда болсын қиындық туғызады. Оның үстіне, біз жәй команда емес, футболдан адуынды мықты Ел чемпионына қарсы ойнап отырмыз.
    Ізбасарларыма үлкен алғысымды білдіремін. Мен қойған тактика мен техниканы өз дәрежесіне сай орындап шықты. Күні бүгінге дейін өз жігіттерімнің ойнау мүмкіндіктерімен толық танысып біткен жоқпын. Менің пікірімше, «Ордабасы» командасы тәжірибелі клубтардың қатарынан көрінуі тиіс.

    - Саулис Ширмялис мырза, бұл команданы Сіз жасақтаған жоқсыз. Сондықтан да, Сізге дейінгі бапкерлердің таңдап, сарап алған футболшылармен бірлесіп жұмыс істеу қиындық туғызбайды ма? Жалпы алғанда, құрамаға көңіліңіз тола ма?

    - Мен футбол маманы ретінде айтарым, команда тәжірибелі ойыншылардан құралған. Шабуылшылар мен қорғаушылар да лайықты. Менің ойымша, бұрынғы бапкер және байырғы футболшы деген болмау қажет. Мен шымкенттік команданы қабылдап алдым ба, демек, бұл команданың тағдыры маған тікелей байланысты. Құраманы бұған дейін қай бапкер дайындады, қандай дәрежеде жаттықты ол қазір маңызды емес. Анығы, «Ордабасыны» биікке алып шығу бас бапкер ретінде менің жауапкершілігімде. Сол жолда командамен бірге жұмыс істейтін боламыз. Тапсырма да солай.

    - Құрамаға алдағы кезде жас ойыншыларды тарту мәселесі қаралуда ма?

    - Өте орынды сұрақ. «Ордабасы» командасы премьер лига бойынша жергілікті футболшылары көптеп саналатын клуб. Өздеріңіз байқап отырғандай, бұл сиқырлы спорттың Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Жас ойыншыларды міндетті түрде алдағы кезде біртіндеп командаға жиі тарта беретін боламыз. Өз ұлты деп жүрегі соғатын жергілікті жастар екендіктері футболда әу бастан-ақ белгілі.

    - Бапкерлер құрамында өзгерістер орын алады ма? Сіз шымкенттік бапкер Тимур Ихсановпен жұмыс істеуге қалай қарайсыз?

    - Бұл мәселені мамандар болып қарап жатырмыз. Бізге тәжірибелі деген қақпашылар жаттықтырушысы қажет.
    Мен шымкенттік футбол маманы Тимур Ихсановты бір кісідей білемін. Мүмкін, алдағы кезде ол да командада жұмыс істеуі ықтимал.


    Ілияс ЖОЛДАС, «Ордабасы» ФК пресс атташесі
    Фото - Малик Искаков

     

    Ордабасы - Актобе 1:0 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Актобе:

    Резерв:

    .

    13 апреля, 2014, 16:00 . Шымкент Стадион имени Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6612 )