РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:1

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 4 тур05 апреля, 2014— 17:00
Кайрат
Кызылорда. "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Кайрат 0:1 (0:0)
    Гол:
    Дарабаев 89
    Предупреждения: Розыбакиев 25, Даутов 38, Кляйн 89 - Маркович 56
    Кайсар: Прядкин, Даутов, Кулибали, Кляйн, Кунов, Шестаков, Марушко, Землянухин (Мошников 71), Розыбакиев (Калинин 84), Савич, Струков (Молдакараев 64)
    Резерв: Короткевич, Яблан, Алтаев, Шевцов
    Кайрат: Хомич, Кислицын, Смаков, Маркович, Плиев, Едигарян (Кнежевич 75), Бакаев, Исламхан (Бауржан 79), Лачны (Седельников 90+), Дарабаев, Сисей
    Резерв: Лория, Рудосельский, Куантаев, Нехтий
    Судьи: Хисамутдинов (Павлодар), Шарипов (Атырау), Попов (Павлодар)
    5 апреля. Кызылорда. Стадион "Локомотив". 4000 зрителей 

     

    Алғашқы үш турда қатарынан жеңіліс кермек дәмін татқан Алматының «Қайраты» ойынды өте қарқынды бастады. Бірақ көп ұзамай-ақ алаң иелері тізгінді өз қолдарына алып, қонақтарды тықсырта бастады. Нәтижесінде, Антон Землянухиннің айып алаңына ентелей еніп, шірене тартқан добы «Қайрат» қақпашысы Хомичтен асып түсіп ашық тұрған қақпаға сырғып бара жатқан. Алайда, алматылықтарды жүз пайыздық голдан бағана құтқарып қалды. Бұдан кейін де алаң иелерінің шабуылдары толастаған жоқ. Әдеттегідей қарсылас команданың ойыншылары Антон Землянухинді шалып жығып, айып добын Антонның өзі орындады. Тамаша орындалған айып добы еді, әттең Мамуту Кулибали небәрі бір-екі метрден қақпаны көздей алмады.
    Айта кетейік, «Қайрат» ойыншылары да қарап жүрген жоқ. Бірінші таймда әсіресе Бауыржан Исламхан мен Момоду Сисей белсенді болды. Орталық жартылай қорғаушылар Михаил Бакаев пен Артур Едигарян да бір-бірін керемет түсініседі екен. Алайда «Қайсардың» әккі қақпашысы Кирилл Прядкин міз баққан жоқ. Мәселен, бірінші таймның орта тұсында Бауыржан Исламханның бірнеше метрден шірене тепкен добы жойқын шыққан. Прядкин қауіптің бетін қайтара білді. Сондай-ақ, қызылордалық команданың қақпашысы Лачны мен Сисейдің де қауіпті шабуылдарына лайықты тойтарыс беріп жатты. Сөйтіп, алма-кезек өрбіген шабуылдар ойынның алғашқы жартысында нәтижесін бермей, командалар үзіліске тең есеппен тарқасты.
    Екінші таймда қонақтар қарқындарын күшейте түсті. Әдеттегідей Момоду Сисей мен Бауыржан Исламханның соққылары қауіпті болып жатты. Биылғы маусымда бірінші рет негізгі құрамнан орын алған Аслан Дарабаев та өзінің мықтылығын дәлелдеуге тырысып, Прядкиннің меншігін жиі торуылдаумен болды. Ал «Қайсар» шыны керек, екінші таймда аздап қарқынын жоғалтып алды. Ойын барысында алаңға шыққан футболшылар да кездесу барысына өзгеріс әкеле алған жоқ. Ойын соңында, тіпті, тізгінді толығымен қонақтарға беріп қойды. Рас, Душан Савич те гол соғатын керемет мүмкіндік болған. Тіпті кездесу бойына бірінші рет Самат Смақовтан допты алып қойып, қақпашымен жеке-дара шыққан. Бірақ, бас төреші Хисамутдинов македониялық шабуылшы ойын ережесін бұзды деген желеумен шабуылды тоқтатып тастады. Оның алдында дәл осы Савичті «Қайрат» қорғаушылары өздерінің айып алаңдарынде етпетінен түсірген. Пенальти деп ойлап едік, бұл жолы да төреші қонақтардың пайдасына шешім қабылдады. Ал жалпы алғанда екінші таймда, расымен де алматылықтар басым болды. Осының барлығы қосылып, «Қайсар» қақпасына голдың соғылуымен аяқталды. Аслан Дарібаев әріптесінен пас алды да, Матик Марушко мен Кирилл Шестаков бастаған алаң иелерінің орталық шептегі ойыншыларын айналып өтіп, Кирилл Прядкин қақпасына допты қақырата соқты. Гол. Владимир Вайсстың қуанышында шек жоқ. Бұл «Қайраттың» осы маусымдағы бірінші голы. Ал өз алаңында жеңіліп қалған қызылордалықтар келесі турда «Тобылмен» кездеседі. Ойын Қостанайда 9 сәуір күні өтпек.


    Владимир Вайсс, «Қайрат» футбол клубының бас бапкері:
    — «Қайсар» – қарымды команда. Өте шебер ойыншылар жиналған. Бүгін жақсы ойнады. Жалпы, екі клубтың футболшылары да тартысты ойын көрсетті. Алаңда қарап жүрген ешкім болмады. Бірақ, асыра сілтегенім емес, бүгін біздің жігіттер алаң иелерінен басым болды. Иә, жеңіске жеткенімізге ризамын. Бұл жігіттердің рухын көтереді деп ойлаймын. Маған да жақсы болды. Әйтпесе, мүлдем қиын болар еді. 1 сәуірде клуб басшылығы маған әзіл жасады. Оны да түсінем. Ешқандай жаман ойым жоқ. Әзілді жақсы қабылдадым.

    — «Қайсар» сапындағы футболшылардан кімді атап өте аласыз?

    — Антон Землянухин ұнады. Кирилл Шестаков тамаша ойнады. Рахымжан Розыбакиевке де риза болдым. Бір сөзбен айтқанда бұрынғы «қайраттықтар» бүгін алаңда барын салды. Бұл түсінікті жайт қой. Футболдың жазылмаған заңдылығы. Кез-келген футболшы өзінің бұрынғы командасына қарсы барынша жақсы ойнауға тырысады. Сондай-ақ, 9-нөмірдегі Струков та ұнады маған.

    — «Қайрат» биыл Еуропа лигасында ел намысын қорғайды. Соған лайықтап команда құрамын күшейтесіздер ме?

    — БАҚ арқылы клубтың ішкі құпияларын жая бергім келмейді. Бірақ, шынымен де, Еуропа лигасында абыроймен өнер көрсету үшін команда құрамын күшейтуіміз керек екені айтпаса да түсінікті.


    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    — Екі командада да жеңіске жететін мүмкіндіктер болды. Бірақ бүгін жеңіске лайық ұжым үш ұпайды иеленіп кетті. Қарсыластың мықтылығын мойындаймын. Мұның алдындағы ойынымызбен салыстырар болсақ, бүгін «Астанаға» қарағанда «Қайрат» жеңіске лайық болды.

    — Команда алдына үздік алтылыққа ену және ел кубогын иелену тапсырмасы қойылған болатын. Енді «Қайсар» бұл тапсырманы орындай ала ма?

    — Мен ешқашан үздік алтылыққа енеміз, ел кубогын жеңіп аламыз деп мәлімдеме жасаған жоқпын. Сенбесеңіздер, бұған дейінгі барлық сұхбаттарымды ақтарып шығыңыздар. Рас, басшылық алдымызға осындай міндет қойды. Бұл дұрыс. Мақсат максималды болу керек. Бірақ біз өзіміздің әлеуетімізге де қарауымыз керек. Тапсырманы орындауға барынша тырысамыз.

       

    Кайсар - Кайрат 0:1 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Кайрат:

    Резерв:

    .

    05 апреля, 2014, 17:00 . Кызылорда. "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6550 )