РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 2-й тур22 марта, 2014— 16:00
Тараз
Кызылорда. Стадион "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Тараз 0:0
    Предупреждения:
    Балтаев 46 - Баролет 14
    Кайсар: Прядкин, Даутов, Кулибали, Кляйн, Балтаев, Шестаков, Марушко, Землянухин (Молдакараев 74), Калинин (Кунов 76), Савич, Хунт (Мошников 63)
    Резерв: Короткевич, Яблан, Струков, Розыбакиев
    Тараз: Нурмухаметов, Банджар, Рой, Уббинк, Голич, Баролет, Скорых, Д. Евстигнеев, Сергиенко, Байтана (Амирханов 77), Воротников
    Резерв: Бабаханов, Айтбаев, Баялиев, Кожамберды, Тлешев, Досмагамбетов
    Судьи: Вишниченко (Костанай), Виноградов (Петропавловск), Попов (Астана)
    22 марта. Кызылорда. Стадион "Локомотив". 4000 зрителей  

     

    Қызылордада өткен «Қайсар» - «Тараз» кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. Дегенмен, екі команда футболшылары өздерінде болған мүмкіндіктердің барлығын голға айналдыра алғанда таблодағы нәтиже өте ірі болар еді. Мұны матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында қонақтардың бас бапкері Арно Пайперс те растады. «Қайсардың» бас жаттықтырушысы Дмитрий Огай да қостады.

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген ойында жанкүйерлер мерекелік көңіл-күйге бөленіп, стадионға ағылып келді. Матч барысында көрермендерге наурыз көже таратылып, қазақтың салт-дәстүрлері жасалды. Стадион Наурыз мейрамының нышандарымен әрленіп, көпшілікті керемет әсерге бөледі.
    Ал ойынға келер болсақ, өткен турда өз алаңында ел чемпионы «Ақтөбеден» 0:2 есебімен жеңіліп қалған «Тараз» Қызылордаға ашулы келгенін бірден байқатты. Бірақ гол соғуға деген құлшыныстары қорғаныстарына да кедергі келтіріп жатты. Ал «Қайсар» ойынды өте сенімді бастады. Антон Землянухин бар, Илья Калинин мен Душан Савич бар, ойын тізгінін өз қолдарына алуға тырысып, қонақтарды біраз допсыз жүгіруге де мәжбүр етіп қойды. Сондықтан болар, кездесудің алғашқы бөлігінде «Тараз» ойыншылары алаң иелеріне қарсы ойын ережесін жиі бұза берді. Нәтижесінде матчтың алғашқы ескерту қағазын алған да қонақтар. Жерлесімізге қарсы дөрекі ойнаған француз легионері Ричард Баролетке бас төреші Анатолий Вишниченко 14-минутта-ақ сары қағаз көрсетті. Бұдан бөлек, қонақтар қақпасына бірнеше айып добы белгіленді. Сондай сәттердің бірінде Антон Землянухиннің әуелете асырған пасы бүкіл футболшылардан асып түсіп, Мамуту Кулибалиге жеткен еді, өкінішке қарай, «қара маржанымыздың» екі метрден тепкен добын «Тараз» қақпашысы әупірімдеп қайтарып үлгерді. Арада бес минут өтпей, алаң иелері тағы бір тамаша шабуыл ұйымдастырған. Бірақ Антон Землянухиннің қақпашыны алдап өтіп, нысанаға бағыттаған добын қонақтардың қорғаушысы ашық қақпадан алып шықты. Жалпы, бұдан бөлек те «Қайсар» футболшыларында гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болған. Мәселен, Душан Савичтің баспен бағыттаған соққысы да қауіпті болды. Екінші таймның ортасында алаңға қосылған Жасұлан Молдақараевта да гол соғатын мүмкіндіктер болған. Кездесудің соңғы соққысы да Жасұланның еншісінде қалды.
    Дегенмен, бүгінгі ойында екі команданың да шабуылшылары өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. «Екі команданың да» деп көрсетуіміздің де өз себебі бар. Өйткені, «Тараздың» шабуылдары да өте қауіпті болып, демімізді ішке тартып отырып қалған кездер аз болған жоқ. Оған Байтана мен Уббинктің орындаған айып доптарын қосыңыз. Егер екі команда да барлық мүмкіндіктерін голға айналдыра алғанда Пайперс айтпақшы, таблодағы нәтиже 3:3, тіпті одан да жоғары есепті көрсетіп тұрар еді.
    Енді «Қайсар» келесі ойынын 29 наурыз күні Елорданың «Астана-Арена» стадионында жергілікті «Астана» футбол клубына қарсы өткізеді.

    Арнольдус Дик ПАЙПЕРС, «Тараз» футбол клубының бас бапкері:
    - Ойын өте тартысты өтті. Екі команда да мәнді де, мағыналы ойын үлгісін көрсетті. Бірақ, өкінішке қарай, таблодағы есеп ашылған жоқ. Көрермендер голды көре алмады. Ал егер екі команда өздерінде болған мүмкіндіктердің барлығын орындай алғанда онда кездесу 2:2, тіпті 3:3 есебімен аяқталуы да ғажап емес еді.

    - Қосалқы құрамда Тимур Досмағамбетов, Мұрат Тілешев сынды шабуылшыларыңыз болды. Неге екінші таймда оларды алаңға шығарып көрмедіңіз?

    - Біздің шабуылшыларымыз өте жас. Соған қарамай, бәрі де дарынды футболшылар. Меніңше, команда тәуір ойнады және артық ойыншы алмастырудың жөні болған жоқ.

    - Кезінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тұрғаныңызда сізде қарсылас команда арналған көптеген «тосын сыйыңыз» болушы еді. Бүгін «Қайсарға» арналған ешқандай «тосын сыйыңыз» болмады ма?

    - Жоқ, болмады.

    - Матч алдында футболшыларыңызға қандай тапсырма берген едіңіз? Тең есепке қанағаттандыңыз ба?

    - Біз Қызылордаға тек жеңіс үшін келген едік. Ойымыз жүзеге асқан жоқ.

    - «Қайсар» сапында қай ойыншылардың ойын өрнектері ұнады?

    - Қызылордалықтардың қорғанысы өте берік екен. Әсіресе, орталық қорғаушылар ұнады.


    Дмитрий ОГАЙ, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    — «Тараз» футболшыларының бір-бірлерін жақсы түсінісетіндіктері байқалды. Дегенмен, біз ойынның бірінші жартысында өзімізде болған мүмкіндіктердің бір-екеуін голға айналдыра алғанымызда матч арнасы мүлдем өзгеше бағытта өрбитін еді. Бірақ артынан неге екенін қайдам, аздап қарқынымызды жоғалтып алдық. Сонда да жігіттердің жасыл алаңда көрсеткен жігерліктеріне алғыс білдіремін.

    — Екі кездесуден байқағанымыз, «Қайсарда» ойын тізгінін өз қолына алар лидер табылмай тұр. Сіздіңше командада көшбасшылықты қай футболшы өз қолына алуы тиіс?

    — Дұрыс түсініңіздер, «Қайсар» енді жасақталған команда. Қазір біздің ұжым өзара танысу кезеңін бастарынан кешіріп жатыр. Тіпті, мен өзім де кейбір футболшылардың ішкі сырларын толық білмеймін. Зерттеу үшін, бір-бірлерін жақсы түсінісулері үшін аздап уақыт керек. Сондықтан, мына футболшы лидер болуы тиіс деп айта алмаймын.

    — Екінші таймда Жасұлан Молдақараевты алаңға жанкүйерлердің сұрауы бойынша шығардыңыз ба, әлде тактикалық қадам ба?

    — Антон Землянухин аздап шаршап қалды. Сондықтан, ойынға өзгеріс енгізуім керек болды да, алаңға Жасұланды шығардым.

    — Сіздіңше, «Қайсар» сапында қай футболшы ойынға толық қосыла алмады? Кім нашар ойнады?

    — Футболшыларға жеке тоқталуға болмас. Команда жайлы айтар болсам, қорғаныста өте сауатты ойнадық. Ал шабуыл шебінде аздап қарқындылық жетіспеді. Оның себебі де бар. Команда әлі бір-бірін толық тани алған жоқ. Мәселен, Савичті алайық. Біз онымен ел чемпионатының басталуына небәрі бір-ақ апта қалғанда келісімшартқа отырдық. Яғни, оның бұрын Украина, Өзбекстан, Сербия, Корея біріншіліктерінде ойнаған тәжірибелі футболшы екенін білгеніммен толығырақ таныс болмағанмын.

    — Қысқы трансферлік терезе 3 сәуірде аяқталады. Оған дейін «Қайсар» құрамы жаңа футболшылармен толығуы мүмкін бе?

    — Бұған күмәнім бар. Өйткені, дәл қазір өте шебер ойыншыны табу қиын. Біз екі айда барынша мықты ойыншыларды таба алмадық. Сондықтан, 3 сәуірге дейін керемет футболшы табыла қояды деп айту қиын. Оның үстіне, қаржылық мәселе тағы бар. Мысалға, «Ақтөбе» секілді Пицелли сияқты ойыншыларды шақыру үшін үлкен қаражат керек. Бәлкім, болашақта, егер аймақта футболға деген көзқарас осылай бола берсе, онда біз де «Ақтөбе» сияқты өте білікті шеберлерді шақырармыз.

    — Енді келесі турдан не күтеміз? «Астанаға» қарсы ойында команда құрамында өзгерістер бола ма?

    — Біз футболшылар турдан турға дейін өмір сүреміз. Алдағы матч жайлы дәл қазір ештеңені кесіп-пішіп айта алмаймын. Бәлкім, команда құрамында аздап өзгеріс орын алар. Оны уақыты келгенде көрерміз.


    «Қайсар» ФК баспасөз қызметі
     

    Кайсар - Тараз 0:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Тараз:

    Резерв:

    .

    22 марта, 2014, 16:00 . Кызылорда. Стадион "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6509 )