РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

1:0

Печать
Кайсар
Премьер-лига , 2014 , 1 тур15 марта, 2014— 16:00
Ордабасы
Кызылорда. Стадион "Локомотив" 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Ордабасы 1:0 (1:0)
    Гол:
    Савич 23 с пенальти
    Предупреждения: Балтаев 56 - Юнузович 22, Нургалиев 60, Мухтаров 75
    Кайсар: Прядкин, Даутов, Кулибали, Кляйн, Балтаев, Шестаков, Марушко (Яблан 90+3), Землянухин (Молдакараев 72), Калинин, Савич (Мошников 70), Хунт
    Резерв: Короткевич, Кунов, Струков, Нарзилдаев
    Ордабасы: Григоренко, Левин, Мухтаров, Мвесигва, Суюмбаев, Черны, Диакате, Гетериев (Касьянов 74), Нургалиев, Аширбеков (Тажимбетов 69), Юнузович (Толебек 82)
    Резерв: Цветков, Бейсенов, Алиев, Тунгышбаев
    Судьи: Алиев, Шабанов, Кошкаров (все - Алматы)
    15 марта. Кызылорда. Стадион "Локомотив". 4000 зрителей

    Қызылорданың «Қайсары» жаңа маусымды сәтті бастады. Өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубын қабылдаған Сыр өңірінің командасы Душан Савич соққан голдың арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.
    Маусымның тұсаукесер ойыны болғандықтан екі команда да кездесуді өте сақ бастады. Дегенмен, өз жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысқан қызылордалықтар ойын тізгінін өз қолдарына алып, жылдамырақ гол соғып алғылары келген. Әсіресе, оң қапталдағы Илья Калинин мен шабуылдағы Душан Савич белсенді болды. Матик Марушко да орталық шепке мықтап орналасып, қонақтардың шабуылдарына тойтарыс беріп отырды. Алайда, жаңадан жасақталған команданың әлі бір-бірлеріне бой үйренісе алмағандары көрініп тұрды. Түсініспеушілік те жоқ емес. Қайта үш-төрт жыл бойы өзара ойнасып, бір бірлерінің сырларын әбден біліп алған шымкенттіктер керемет түсініседі екен, қос қапталдан да шабуылдап, жанкүйерлерді біраз демдерін іштеріне тартқызды. Бірақ гол соғу бақыты бүгін алаң иелеріне бұйырды. Алдан Балтаевты етпетінен құлатқаны үшін бас төреші Александр Алиев пенальти белгілеп, нүктеген жақындаға македониялық шабуылшы Душан Савич 11-метрлік айып добын әдемі орындады. Есеп – 1:0. Бұл ойынның 23-ші минуты болатын. Осыдан кейін таблодағы нәтиже өзгерген жоқ. Дегенмен, екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. «Ордабасы» сапында Эдин Юнузовичтің шірене тепкен добын Кирилл Прядкин қайтарса, «Қайсар» сапындағы Антон Землянухин, Римо Хунт сынды саңлақтардың соққыларына Григоренко тойтарыс берді.
    Сонымен, маусымды жеңіспен бастаған «Қайсар» келесі турда, яғни Ұлыстың ұлы күні 22-наурызда «Тараз» футбол клубын қабылдайды.

    Матчтан кейінгі баспасөз мәслихаты:
    Қуаныш Қарақұлов, «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы:
    - Ұйымдастырылуы, басқасы бәрі керемет болды. Жергілікті жанкүйерлерге де рахмет, бізді қол шапалақтап тұрып шығарып салды. Әлбетте, маусым басы болғандықтан екі команда да өз ойын үлгісін тауып үлгерген жоқ. Бүгін сәттілік қай жақта болды, сол тарап жеңіске жетті.

    - Сіз клубпен келісімшарт жасастыңыз ба, әлде «Ордабасы» Виктор Пасульконың орнына басқа бас бапкер іздей ме?

    - Бұл сұрақты «Ордабасы» футбол клубының басшылығына қою керек. Бір анығы, Қызылордаға команданы мен бастап әкелдім.

    Дмитрий, Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    - Ойын көңілден шықты. Маусымның бірінші ойыны болғанына қарамастан екі командада барынша сауатты ойнауға тырысты. Жанкүйерлерге де рахмет, матч бойы футболшыларды қолдаумен болды. Ал ең бастысы, футболшыларға алғыс білдіргім келеді. Қызылорда футболсүйер қауымын жеңістерімен құттықтаймын!

    - Дмитрий Алексеевич, төрешілік жайлы не айтасыз? Пенальти шынымен де болды ма?

    - Төрешілік жайлы сөз қозғағым келмейді. Одан да футбол жайлы айтайықшы. Бүгін ең бастысы жеңіске жеттік. Енді келесі турға дайындалатын боламыз.

    pfckaysar.kz 

    Кайсар - Ордабасы 1:0 (0:0)

    Кайсар:

    Резерв:

    Ордабасы:

    Резерв:

    .

    15 марта, 2014, 16:00 . Кызылорда. Стадион "Локомотив". 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6484 )