РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

3:1

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 31 тур27 октября, 2013— 15:00
Ertis
Шымкент. Стадион им. Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Иртыш 3:1 (2:1)
    Голы:
    Нургалиев 6 (1:0), Белич 9 (2:0), Мурзоев (2:1), Юнузович 89 (3:1)
    Предупреждения: Адырбеков 27, Юнузович 37, Бейсенов 90 - Шомко 9, Суюмбаев 22, Мурзоев 59, Кожабаев 79
    Ордабасы: Григоренко, Адырбеков, Мвесигва, Бейсенов, Ирисметов, Карпович (Фильчаков 83), Сыдыкбек (Левин 66), Аширбеков, Белич, Нургалиев (Толебек 70), Юнузович
    Резерв: Отарбаев, Грек, Сабиров, Султанов
    Иртыш: Джоджо, Чернышов, Кожабаев (Чичулин 81), Суюмбаев, Чучман, Юрин, Шомко, Иванов (Бегалин 77), Мухутдинов, Мурзоев (Шабалин 72), Бакаев
    Резерв: Котляр, Говедарица, Кулибали, Струков
    Судьи: Гаузер (Петропавловск), Шабанов, Джаспенов (оба - Алматы)
    27 октября. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 3000 зрителей 

     

    Биылғы чемпионатта шымкенттік футболшылар алғашқы кездесуін Павлодардың «Ертісімен» бастаған болатын. Ол кезде 3:1 есебімен қонақтар пайдасына шешілсе, бұл матчта ордабасылықтар сол есені қайтару үшін бар күш-жігерін ортаға салды. Бүгінгі матчты "Ордабасы" клубының жаңадан тағайындалған президенті Берік Омарбеков жанкүйерлермен бірге бақылап отырды.
    Шымкенттің «Ордабасы» командасы мен Павлодардың «Ертіс» ойыншыларының бұл кездесуі халқымыздың төбе биі Төлебидің туғанына 350 жылдығының кең ауқымда тойлануына тұспа-тұс келді. Көпшілік осы тойдың тойлануына қарамай өз командасын қолдау үшін орталық стадионға ағылды. Алғашқы кезден –ақ шымкенттіктер ойын барысында жойқын шабулмен келді. Ол өзінің тамаша нәтижесін де берді.
    Мачтың 7-ші минутында Азат Нургалиев кезекті шабуыл кезінде Эдин Юнузовичтің тамаша пасын баспен бағыттап қақпа торына түсірді.
    Көп кешікпей ойынның 9- ші минутында шабуылшы Данило Белич шабуыл шебінде Т.Адырбековтің әуелете тастаған добын тағы да баспен бағыттап есепті 2:0 жеткізді . Д. Белич жасыл алаңда отандасы Неманья Джоджоны да алдап кетті.
    Көп ұзамай павлодарлық футболшы Камол Мурзоев 25-ші минутта есепті 2:1-ге қысқартты. Чемпионаттың сұрмергендердің бірі Ұлықбек Бакаевтың сол қанаттан жасаған соққысын Григоренко қиындықпен қайтарған болатын.Алайда, қажет жерден табылған К.Мурзоев допты қайыра соғып, қақпа торын тулатты.
    Ойынның екінші кезеңі Талғат Байсуфинов шәкірттерінің шабуылдауымен басталды. Бірақ, ордабасылық қорғаушылар бас бапкер қойған нұсқауды тиянақты орындады.
    Кезекті бір шабуыл барысында «Ертіс» футболшылары тағы бір гол салуға қол жеткізген болатын. Бірақ, футболшының ойыннан тыс қалуы салдарынан төреші бұл голды есепке алмады.
    Осыдан соң «Ордабасының» тағы бір гол салуға мол мүмкіндігі болды. Бүгінгі кездесудің ең үздік ойыншысы Д. Белич қақпашымен бетпе-бет шықты. Алайда, Белич командаласы оңтайлы тұрған Юнузовичке доп шығарды. Эдиннің тепкен добы қақпа маңдайшасына тиіп кері қайтты. Дегенмен де Виктор Пасулько шәкірттері өз мақсаттарын жүзеге асырды.
    Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалған кезде анығы 89-минутта биылғы чемпионаттың ең үздік ойыншыларының көшін бастаған Эдин Юнузович қақпашы Н. Джоджмен жекпе-жек шығып, оның әлсіз жерін тапты. Есепті 3:1-ге жеткізген сұрмерген осылайша аса жауапты мачтың соңғы нүктесін қойды.

    Талғат БАЙСУФИНОВ. «Ертіс» футбол командасының бас бапкері:
    - Мен расында да ізбасарларымның жағдайын түсінемін. Және қандай жағдай болмасын оларға қолдау көрсетіп келемін. Біздің алдымызда әлі екі жауапты ойын бар. Оның бірі – Ел кубогінің қарымта кездесуі болса, екіншісі- Алматының «Қайратымен» өтетін шешуші ойын. Бұл кездесу қола медалдің иесін анықтайды.

    Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» ФК бас бапкері:
    - Бүгінгі жеңісті шымкенттік жанкүйерлер өте жоғары бағалады. Бұл бізге деген сенім мен жауапкершіліктің жүктелгені десек, бір жағынан біз чемпионаттың бірінші турында кеткен есемізді жанкүйерлерімізге қайтарып бердік.
    Чемпионат басталған тұста несін жасырымыз, шәкірттерімнің жағдайы қиындау болды. Бірақ, сол қиындыққа қармастан, дер кезінде команданы бір жұдырыққа жұмылдыру арқылы «Ордабасы» биылғы біріншілікті алғашқы алтылықпен аяқтады. Шәкірттерімнің жыл бойы табанды еңбектері мен төгілген терлерін жоғары бағалауымыз қажет. Бүгінгі кездесуде жас ойыншы Максим Филчаковтың ойынын көріп, ізбасарымның жаңаша леппен алаңға қосылғанына бәріміз бірге қуандық.

    Илияс ЖОЛДАС, «Ордабасы»ФК пресс- атташесі
    Малик ИСКАКОВ, фото-тілші
     

    Ордабасы - Ertis 3:1 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Ertis:

    Резерв:

    .

    27 октября, 2013, 15:00 . Шымкент. Стадион им. Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6390 )