РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:2

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 28 тур29 сентября, 2013— 16:00
Астана
Шымкент. Стадион им. Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Астана 0:2 (0:1)
    Голы:
    Конысбаев 9, Твумаси 76
    Нереализованный пенальти: Юнузович 24 
    Предупреждения: Пахолюк 56, Толебек 71 - Е. Ахметов 25
    Удаление: Сисеро 47
    Ордабасы: Григоренко, Адырбеков, Бейсенов, Сабиров, Сыдыкбек, Пахолюк, Алиев, Нургалиев (Левин 85), Аширбеков (Белич 64), Юнузович, Толебек (Родригес 74)
    Резерв: Отарбаев, Султанов, Фильчаков, Накипбеков
    Астана: Эрич (к), Куат, Зелао, Дмитриенко, Е.Ахметов, Конысбаев (Твумаси 73), Коробкин, Шахметов, Кояшевич (Нусербаев 59), Кетевоама (Пасичник 88), Сисеро
    Резерв: Логиновский, Остапенко, Исламхан, Игуманович
    Судьи: Вишниченко (Костанай), Суюнов (Павлодар), Курбанов (Алматы)
    29 сентября. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 4000 зрителей 

     

    Шымкенттің « Ордабасы» сапындағы негізгі ойыншылар бүгін жарақатына байланысты алаңға шықпай қалды. Расында да, Мвесигва, Арури, Гуйе, Бабатунде, Мұхтаров, Карповичтердің жарақатына байланысты ойынға қатыспауы көп қиындық туғызды. Ойынның басталған тұсында-ақ қонақтар есеп ашты. Ұлан Қонысбаевтың айып алаңына кіре сала шірене тепкен добы қақпа бағанасына тиіп қақпашының сызығының сыртына түсті.
    Александр Григоренко допты қағып алғанымен ортадағы төреші Қостанай қаласынан келген А.Вишниченко допты есепке алып орталық алаңды көрсетті. Алайда, «Ордабасының» есепті теңестірер тамаша мүмкіндігі болды 21-ші минутта К.Аширбеков жеке шыққан Д.Сыдықбекке тамаша доп шығарды. Айып алаңында Сыдықбекті екі қорғаушы шалып құлатты. Осы жерден 11-метрлік айып добы белгіленді.Жанкүйердің жүрегіне оянған жылылықты Эдин Юнузович пайдалана алмады. Эдин Юнузович айып добын қақпадан тым биік теуіп жіберді Өкінішті !
    Ал, ойынның екінші кезеңі драмалық көрініспен басталды. Екінші тайм бастала сала Сисеро П.Алиевке қарсы өте өрескіл ойнады . Тіпті, құлап жатқан ордабасылық футболшыға соққыда да жасады. Мұны бақылаған төреші қатаң ескерту беріп, қызыл қағаз беріп, Сисероны алаңнан шығарды. «Астана» 10 ойыншымен қалды.
    Бұл алаң иелері үшін тағы бір мүмкіндік еді. Бірақ, В.Пасульконың шәкірттері мол мүмкіндікті ырықтарына бағындыра алмады. Әсіресе, бұл матчта ерекше көзге түскен шымкенттік Мардан Толебек қақпашымен бетпе -бет шығып кетті. Ол өзінің тамаша гол салуға бар мүмкіндігі бола тұра, командаласы Д.Сыдықбекке пас шығарып берді. Алайда, жас футболшы есеп ашудың ретін таппай қалды.
    Ойынның кезекті шабуылында астаналық Патрик Твумаси алаңға шыға салысымен алаң ортасынан допқа иелік етті. Жарқ етіп жеке шығып кеткен Твумаси Александр Григоренконы қапы қалдырды. Есеп 0-2.
    Гол ұрамыз деп жүріп, алаң иелері өз қақпаларына тағы да бір доп жібере ала жаздады. Бірақ, қарсыластардың жойқын соққысы қақпа бағанасына тиіп, кероі қайтты.

    Йоан АНДОНЕ, «Астана» командасының бас бапкері:
    - Біз бүгін алаңда командамыздың басты қарсыаласы әрі өте тәжірибелі футболшылармен кездестік. Шымкенттіктер 11 метрлік айып добын соға алмағаны ізбасарларымның жеңіске деген құлшыныстарын арттырып жіберді. Шәкірттерімнің қорғаныс арқылы шабуылға шығып отырғаны тамаша нәтиже берді. Біз техникасы жоғары «Ордабасының» ойыншыларымен кездесіп, шын мәнінде де тартысты әрі жауапты матч өткіздік. Футболда- кейде күтпеген жерден жолдың бола қалатынына жанкүйер қауым жақсы біледі. Бұл матчта сәттілік біз жаққта болды.

    Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
    - Бүгінгі ойын өте тартысты әрі жан-жақты болды. Мен алаңға негізінен шымкенттік футбол мектебінің түлектерін шығардым. Себебі, шетел ойыншылардың басым бөлігі жарақат алып, ойынға қатыса алмады. Бұл – селекциялық жұмыстарының өз деңгейінде жүрмегенінің салдары. Десек те, бүгінгі кездесуде біздің футболшылар қарсыластарына жеңісті жәйдан-жәй бере салмады. 11 метрлік айып добын соға алмаған Юнузовичті жазғаруға болмайды.Сиқырлы футболдың тәжірибесі көрсеткендей, атақ-даңқтары алысқа кеткен талантты футболшылар да кейде айып добын соға алмай қалады.
    Біздің команда үшін биылғы футбол чемпионаты сәтті деп айтуға толық негіз бар.Шыны керек, , премьер лига командаларының арасында құрдымға кетіп бар жатқан шымкенттік команда қазіргі таңда үздік алғашқы алтылыққа еніп отыр. Мұны жергілікті жанкүйерлер жоғары бағалап, құрмет көрсетіп, шымкенттік жігіттерді шығарып салды.

    Ілияс ЖОЛДАС, «Ордабасы» ФК пресс-атташесі

    Ордабасы - Астана 0:2 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Астана:

    Резерв:

    .

    29 сентября, 2013, 16:00 . Шымкент. Стадион им. Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6271 )