РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

4:0

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 25 тур01 сентября, 2013— 17:00
Шахтёр
Шымкент. Стадион имени Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Шахтер 4:0 (1:0)
    Голы:
    Арури 9, Нургалиев 49, Нургалиев 55, Аширбеков 80
    Предупреждения: Нургалиев 17 - Порываев 21, Бойжанов 41
    Ордабасы: Григоренко, Арури, Мвесигва, Адырбеков, Мухтаров, Карпович, Алиев, Нургалиев (Лопес 77), Сыдыкбек (Грек 69), Аширбеков (Пахолюк 83), Юнузович,
    Резерв: Отарбаев, Толебек, Бабатунде, Ирисметов
    Шахтер: Мокин, Габышев (Финонченко 46), Джидич(к), Василевич, Порываев, Муртазаев, Байжанов, Вичюс (Каньяс 52), Казарян, Хижниченко, Зенькович (Симчевич 53)
    Резерв: Покатилов, Тарасов, Дарибаев, Ахмеев
    Судьи: Гаузер (Петропавловск), Обрядов (Семей), Виноградов (Петропавловск)
    1 сентября. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 3500 зрителей

     

    Шымкенттік футболшылар Қарағандыда өткен турда ойда-жоқта үш ұпайдан айрылып қалған болатын. Күні бүгінге дейін ел есінде, оңтүстікқазақстандықтар жеңгенімен басқа себептерімен маңызды деген ұпайынан шеттелілген болатын.
    Әу басында-ақ, «Ордабасы» мен «Шахтер» командасындағы кездесу тартысты өтетіні белгілі. Осыны ескеріп, қарымта қайтаруға бел шешіп кіріскен алаң иелері алғашқы жойқын шабуылды бастады. Шымкенттіктер бұл матчқа психологиялық жағынан тас-түйін болып шықты.
    Ойынның 10-шы минутында шабуылшы Азат Нұрғалиевтің кезекті бұрыштама добына бұрын жеткен М. Арури баспен бағыттап есеп ашты. Есеп 1:0.
    «Шахтер» футболшылары осы голдан кейін бірнеше қатарынан қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Айып соққысын орындаған М. Байжанов өз ойыншыларына допты әуелете тастады. Қорғаушылар өз орнынан табылды.
    Бүгінгі матчта қарағандылық К. Вичюстің ауттан тастаған добы «Ордабасы» қорғаушылары үшін көптеген қиындықтар туғызды. Бірақ, қақпашы А.Григоренко өзінің даралығын көрсетті.
    Ойынның екінші кезеңінде Виктор Кумыковтің шәкірттері қаһарларына мінді. Қаншама шабуыл жасағанымен кеншілер қаласының футболшыларының бұл жоспарлары жүзеге аспады. 53 ші -минутта Азат Нұргалиев сол қанаттан кезекті шабуылды өзі бастады. Оны бақылауға алған А. Джидич алаңда қапы қалып қойды. Азат Нұргалиевтің жасаған жойқын соққысы қақпа торында тулап жатты. Есеп 2:0
    Атыңнан айналайын Азатжан! Бұл жауапты турда ол өзін ерекше қырынан көрсетті. Кезекті бір шабуылда Э.Юнузовичтің баспен бағыттап шығарып берген добын тағы да шабуылшы Нұрғалиев әдемі голға айналдырды. Жекпе-жекке шыққан ол Мокиннен айласын асырды. Есеп 3:0
    Осы ірі есепке қанағат етпеген ордабасылықтар тағы да бір гол салуға қол жеткізді. Бұл ретте, команда капитаны Қайрат Әшірбеков өзінің интеллектуальді әрі дара футболшы екендігін айқын көрсетті. 84-ші минутта Қ.Әшірбековтің 20 метрдей жерден тепкен добы қарсыластардың қақпасына дәл түсті. Ұлттық құраманың қақпашысы А.Мокин жауапсыз қалды. Есеп 4-0. Бұл әрине тамаша жеңіс! Жарадың Пасулько! «Жарайсыңдар, «Ордабасы» командасының қырандары!» - деп стадион жанкүйерлері орындарынан тік тұрып қошемет көрсетті.

    Виктор КУМЫКОВ, «Шахтер» командасының бас бапкері:
    - Біз Еурокубок ойындарынан кейін шаршаңқырап қалғанымызды анық мойындаймыз. Шымкенттің «Ордабасы» командасы бұрыннан-ақ шәкірттерім үшін басты қарсылас. Бұл жеңіліс бізге үлшкен сабақ болады. Себебі, біз қарсыластарымыздың мүмкіндіктерін бағалай алмадық. Менің пікірімше, мұнда мүмкін өзімнің де қателігім бар шығар. Кешегі Шотландияда ойнамаған тың ойыншыларымды Шымкенттегі жасыл алаңға шығаруым керек еді. Әлбетте, ірі есеппен ұтылу өте өкінішті.

    Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
    - Қарағандының «Шахтер» командасы өз алаңында жіберген өрескел қателіктерін қайталамау үшін алаңға өзінің мықты футболшыларының бәрін шығарды. Дегенмен, шәкірттерімнің жеңіске деген құштарлығы олардың жоспарларының тас- талқанын шығарды. «Шахтер» тәжірибе жүзінде ешқандай да қауіпті шабуыл жасай алмады. Біз анық байқадық. Есесіне, жергілікті мыңдаған жанкүйерлерден қолдау тапқан «Ордабасы» командасының футболшылары жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, Ел чемпионының ірі есеппен жеңіліс табуына мәжбүрледі. Қарсыластар тізе бүкті.

    Ілияс ЖОЛДАС, Пресс-атташе ФК «Ордабасы»
    Фото - Малик ИСКАКОВ

     

    Ордабасы - Шахтёр 4:0 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Шахтёр:

    Резерв:

    .

    01 сентября, 2013, 17:00 . Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6120 )