РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

2:1

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 23 тур17 августа, 2013— 17:30
Актобе
Шымкент. Стадион имени Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Актобе 2:1 (0:0)
    Голы:
    Юнузович 68 (1:0), Примус 79 (1:1), Юнузович 80 (2:1)
    Предупреждения: Мвесигва 11, Юнузович 22, Левин 31, Белич 77 - Дяденко 17, Примус 22, Хайруллин 29, Кападзе 76
    Ордабасы: Григоренко, Адырбеков, Мухтаров, Мвесигва, Бейсенов, Карпович (Бабатунде 85), Ирисметов, Левин, Нургалиев (Лопес 73), Аширбеков (Белич 61), Юнузович
    Резерв: Отарбаев, Сыдыкбек, Сабиров, Алиев
    Актобе: Нарзикулов, Мулдаров, Харабара (Лисенков 81), Бадло, Хайруллин, Примус, Дяденко, Арзуманян (Давыдов 71), Ковальчук (Логвиненко 73), Гейнрих, Кападзе
    Резерв: Павлов, Тагыберген, Балтаев, Аймбетов
    Судьи: Антонов (Павлодар), Дерцапф (Уральск), Богданов (Семей)
    17 августа. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 4000 зрителей 

     

    Премьер лига командалары арасындағы екінші кезеңнің алғашқы ойынын «Ордабасы» командасы өте сәттілікпен бастады. Өз алаңында турнир кестесінің көшін бастап келе жатқан Ақтөбенің «Ақтөбе» командасына қарсы ойнау әрине, шымкенттік футболшылар үшін оңай болмағаны белгілі.
    Матчтың алғашқы таймы толық алаң иелерінің басымдығымен өтті. Дегенмен, қазір Еуролигада тамаша өнер көрсетіп жатқан «Ақтөбе» футболшылары да қарап қалмады. Ойынның 18-ші минутында Хайрулиннің 18 метрдей жерден тепкен добын қақпашы А.Григоренко асқан қиындықпен қайтарды. Сол жерде тұрған жас ойыншы ақтөбелік Дяденко оңтайлы сәтті дұрыс пайдалана алмады.
    Алаң қожайындары бүгінгі матчта шынында да айып добын орындауда асқан қателікке бой алдырды. Карпович пен Әшірбековтің жасаған соққысы қақпадан тым биік кетті.
    Ойынның екінші кезеңінің 68-ші минутында ордабасылық қорғаушы Эндрю Мвесигва алаңның дәл ортасынан кезекті шабуылын бастады. Лезде сол қанаттан жеке шығып келе жатқан Евгений Левинге пас шығарды. Ал, өз кезегінде Е.Левин айып алаңында тұрған командаласы Эдин Юнузовичке тамаша пас шығарып берді. Қолмен қойғандай етіп шығарып берген допты мүлт жібермеген сұрмерген Юнузович баспен бағыттап, қарсыластардың қақпашысы Нарзикулов қорғаған торына түсірді. Есеп 1:0.
    Владимир Никитенко шәкірттері бұл соққыдан кейін өздерін тез жинады. 84-ші минутта «Ақтөбе» кезекті брыштама добын орындады. Кападзенің айып алаңына тастаған добына алғаш болып жеткен жартылай қорғаушы Роберт Примус басымен бағыттап, есепті теңестірді. Есеп 1:1.
    Арада бір минут уақыт өткен жоқ. Артынша алаң ортасынан қарқынды шабуылды бастаған Данило Белич екі ойыншының арасынан сытылып шығып, өзінің әріптесі Э.Юнузовичке пас тастады. Мұндай оңтайлылы сәтті бос жібермейтін шымкенттік шабуылшы Эдин Юнузович екінші голдың авторы атанды. . Есеп 2:1.
    Жергілікті жанкүйерлердің зор сенімін ақтаған «Ордабасы» командасы екінші кезеңдегі ойындарын жеңіспен бастады.

    После игры

    Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
    - Бұл матчқа ізбасарларым ж қайткен күнде де жеңіске қол жеткіземіз деген нық сеніммен шықты. Осындай, әрбір ойыншының жүрегінде жеңіске деген мақсаты бар болғанда ғана шынайы жеңіске жетеді. Бұл ғаламат жетістігінімізді спортшылар мерекесіне тарту еттік. Несін жасырамыз, «Ордабасы» командасы, шымкенттік жанкүйерлердің намысы үшін ойнайды. Олар бізге жоғары деңгейде барлық кездесулерде әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
    Аса жауапты кездесу өте тартысты әрі сауатты болып саналды біз үшін. Алаңдағы ойыншылар мейлінше, үздік ойнауға тырысып, ешбір қателікке бой алдырмады. Шәкірттерімімнің арасындағы Э.Юнузовичтің қатарынан екі голдың авторы атанғанын жергілікті жақсылыққа балады.Қазір команда сапына Италиядан емделіп келген Гуйе қатарға қосылды. Командада бәсекелестік болмай дара ойыншы шығару мүмкін емес.

    Владимир НИКИТЕНКО, «Ақтөбе» командасының бас бапкері:
    - Бүгінгі кездесуді біз жеңіске жетеміз деп басты жоспар түзгеніміз рас. Алайда, шәкірттерім қаншама оңтайлы сәттерді туғызғанымен жолымыз болмай, есеп жағынан жеңіліс таптық.
    Қазіргі таңда біз Еуропа лигасына барлық күш-жігерлерімізді сақтап отырғанымызды да жақсы білесіздер. Оның үстіне, бетке ұстар футболшымыз Эмиль Кенжесариевтің басына түскен оқыс жағдайы да бізге оңай емес. Оның орнына лайықты ойыншыны сынап көріп жатырмыз.

    Ілияс ЖОЛДАС, ФК «Ордабасы» пресс- атташесі
    Фото Малик ИСКАКОВ

     

    Ордабасы - Актобе 2:1 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Актобе:

    Резерв:

    .

    17 августа, 2013, 17:30 . Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 6030 )