РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

0:1

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 21 тур28 июля, 2013— 18:30
Актобе
Шымкент. Стадион имени Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Актобе 0:1 (0:0)
    Гол:
    Гридин 50
    Предупреждения: Бабатунде 73, Бейсенов 82, Мухтаров 82 - Мирошниченко 60, Давыдов 82, Логвиненко 90+3
    Ордабасы: Григоренко, Адырбеков (Пахолюк 84), Мухтаров, Мвесигва, Арури, Бейсенов, Бабатунде, Левин (Сыдыкбек 75), Аширбеков (Белич 71), Нургалиев, Юнузович
    Резерв: Отарбаев, Алиев, Ирисметов, Толебек
    Актобе: Нарзикулов, Харабара (Мулдаров 89), Бадло, Мирошниченко, Примус, Гридин (Давыдов 80), Арзуманян, Тагыберген, Логвиненко, Ковальчук (Шалекенов 90+3), Балтаев
    Резерв: Сидельников, Дяденко, Вольф, Аймбетов
    Судьи: Вишниченко (Костанай), Жаппасбаев (Кызылорда), Искаков (Костанай)
    28 июля. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 5000 зрителей 

     

    Шілде айының шіліңгір ыстығы жасыл алаңдағы қос команда футболшыларының ойнауына өзінің ықпалын тигізгені анық. Дегенмен, алаң иелері ойынды үлкен басымдықпен бастады. Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионына көптеп жиналған жанкүйерлер ордабасылықтарға зор сенім артқан болатын.
    Команданың бас бапкері Виктор Пасулько бапкерлік дәрежесін көтеру мақсатында шетелде өтіп жатқан семинарға қатысуына байланысты бұл матчқа шымкенттіктерді аға бапкер Черита Аугустин бастап шықты.
    «Ордабасы» сапындағы жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев бірнеше ұтымды сәттерге себепкер болғанымен, шабуылшылар ойынның нүктесін қоя алмады. Алаң иелері бірінші кезеңде толық басымдыққа ие болғанымен таблодағы есепті өзгертуге мүмкіндік болмады.
    Матчтың екінші кезеңі бастала салысымен «Ақтөбе» футболшылары гол салуға қол жеткізді. 50-ші минутта Харабараның сол қанаттан жасаған өткір шабуылына ордабасылық қорғаушылар тосқауыл қоя алмады. Оның сол жерден шығарған әдемі пасына Сергей Гридин өзгелерден бұрын жетіп , жерлете теуіп, тамаша гол салды. Ал, қақпашы Григоренко ешқандай да әрекет жасай алмады. Есеп 0:1.
    Осы өрескел қателікке жол берген Азат Нұрғалиев айып алаңында бірнеше ойыншыны алдап өтіп, өзінің әріптесіне пас шығарған еді. Бірақ, бұл мүмкіндікті дер кезінде пайдалана алмаған Юнузович допқа жете алмады. Кездесудің екінші кезеңінде жасыл алаңға алмасып шыққан ақтөбелік С.Давыдов «Ордабасы» алаңында өрескелдікке жол беріп, қорғаушы Мұхтар Мұхтаровпен қақтығысып қалды. Алайда, төреші екі футболшыға да ескерту жасап, сары қағаз көрсетті.
    Бас бапкер ретінде үш ойыншыны алмастырған Чеританың мақсаты жүзеге аспады. Осы есеп кездесу соңына дейін өзгермеді.
    Ойын соңында болған баспасөз мәслихатына «Ордабасы» футбол командасының қақпашылар бапкері Виталий Иванович Галат қатысты.

    Владимир Никитенко, «Ақтөбе» командасының бас бапкері:
    - Бұл кездесу тактика жағынан өте қиындық туғызды. Қарсыластарымыз шыны керек, әрбір матчта ойынды бір деңгейде өткізіп келеді. Сондықтан, осы кездесуде шәкірттерімнің шымкенттік футболшыларға қарсы ойнау қиындық туғызғаны рас. Десек те, ізбасарларымыз Оңтүстіктің ыстық ауа райына да, алаң иелерінің жойқын шабуылына да дер кезінде дәлдікпен тойтарыс беріп отырды. Нәтижесінде , футболшыларымыз төккен терінің жемісін көрді. «Ордабасыдан» үш ұпай алып кету – біз үшін үлкен мәртебе болды.

    Виталий Галат, «Ордабасы» командасының бапкері:
    - Шыны керек, біздің қателігімізді ақтөбеліктер дер кезінде байқап, осал жерімізді тапты. Жасыл алаңдағы қорғаушыларымыздың осы қателігі бүкіл ойынның тағдырын шешіп, жоспарларымыздың жүзеге аспай қалуына ықпал жасады. Ойын сәтінде қарсыластарымыздан тактика жағынан мықты болғанымызбен, несін жасырамыз есепті ұстай алмадық.

    Ілияс ЖОЛДАС, пресс-атташе
    Фото Малик Искаков

    Ордабасы - Актобе 0:1 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Актобе:

    Резерв:

    .

    28 июля, 2013, 18:30 . Шымкент. Стадион имени Кажымукана . 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 5942 )