РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

4:1

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 19 тур13 июля, 2013— 18:30
Восток
Шымкент. Стадион имени Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Восток 4:1 (3:0)
    Голы:
    Мвесигва 16 (1:0), Юнузович 35 с пенальти (2:0), Аширбеков 41 (3:0), Костюк 49 (3:1), Родригес 56 (4:1)
    Предупреждения: Мухтаров 4, Аширбеков 23, Юнузович 35, Мвесигва 48, Нургалиев 60 - Молтусинов 15, Джанузаков 39, Ньянг 41
    Ордабасы: Григоренко, Ирисметов, Мвесигва, Мухтаров, Нургалиев (Белич 78), Карпович, Аширбеков (Родригес 54, Пахолюк 67), Бейсенов, Левин, Адырбеков, Юнузович
    Резерв: Отарбаев, П. Алиев, Бабатунде, Сыдыкбек
    Восток: Нестеренко, Мур, Комарек, Молтусинов, Костюк, Санчез, Сохна, Джанузаков (Сапаргалиев 64), А. Алиев (Уразбахтин 72), Досмагамбетов (Суюмагамбетов 71), Ньянг
    Резерв: Байтеряков, Удалов, Ерланов, Соболев
    Судьи: Антонов (Павлодар), Бельский (Тараз), Мамашев (Павлодар)
    13 июля. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 3000 зрителей 

     

    Өскеменнің «Восток» командасы «Ордабасы» үшін қашанда қолайсыз команда болып табылады. Сондықтанда бас бапкер Виктор Пасулько өз шәкірттерін алғашқы минуттардан шабуылдауға жұмылдырды. Бапкер қойған талапты қатаң орындаған алаң иелері 16-минутта есеп ашты. Команда капитаны Қайрат Аширбековтің айып алаңына тастаған добына өзгелерден бұрын жеткен угандалық футболшы Эндрю Мвесигва жерлете теуіп, есеп ашты. 1:0
    Осы голдан кейінде басымдықты қолдан шығармаған шымкенттіктер 30 минутта 2-голдың иесі атанды. Бүгінгі кездесудің ең үздік ойыншысы Азат Нургалиевтің айып алаңында екі ойыншыны алдап өтпек болған әрекетіне қорғаушылар шалып құлатып тосқауыл қойды. Павлодарлық төреші Виктор Антонов 11-метрлік айып нүктесін көрсетті. Мұндай сыйдан бас тартпаған Эдин Юнузович мүлт кетпеді. 2:0.
    Ойынның 41-ші минутында алғашқы голды ұруға ықпал жасаған команда капитаны Қайрат Аширбеков шамамен 19 метрдей жерден шиыра теуіп қақпаның қарсы бұрышынан торға түсірді. 3:0
    Екінші тайм қонақтардың жойқын шабуылымен басталды. 46-ші минутта қорғаушы Эндрю Мвесигва Папа Ньянгты айып алаңының жиегінді шалып жықты.Сол жерден белгіленген айып соққысын Сергей Костюк асқан шеберлікпен қақпа торына тоғытты. 3:1.
    Бұл кездесу барысында екі команданың ойыншылары да жарақат алумен болды. Оның өзіндік себебі де бар. Жеңіске жету жолында күш сынасқан олар алаңда бірін-бірі аямады. Төреші сәт сайын ысқырумен болды. Осындай бір сәтте «Восток» қорғаушылары Қайрат Аширбековтің қолына теуіп ауыр жарақат салды. Оның орнына алмасып шыққан бразилиялық Родригес соңғы голдың авторы атанды. Гол салуға Азат Нургалиевтің мол ықпалы болды. Қақпашымен бетпе –бет шыққан Азат голды өзі салмастан қарсысында тұрған Родригеске пас шығарды.Өз кезегінде Родригес бос қақпаға допты бағыттай салды. Есеп 4:1.
    Бұдан соңда алаң иелерінің бірнеше гол салуға мүмкіндігі болды.Дегенмен, қонақтар «Ордабасы»командасының гол салған ойыншысы Родригеске ауыр жарақат салды. Айып алаңынан жиі шығып өз ойыншыларына көмектескісі келген қақпашы Роман Нестеренконың әрекеті тағы бір голға мүмкіндік аша жаздады. Роман Пахолюктің қақпашының бойынан асыра тепкен добы қақпа маңдайшасынан қайтты. Осылайша таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

    Владимир Фомичев, «Восток»командасының бас бапкері:
    - Біз бүгінгі кездесудің бізге қолайсыз болатынын алдын- ала жақсы білдік.Сондықтанда басты шабуылшының бірі болған Азат Нургалиевке қарсы екі ойыншыны қорған қойдық. Бірақ, өздеріңіз көрдіңіздер ол екі қорғаушыны да сезінген жоқ. Екі гол салуға тамаша мүмкіндік жасап берді. Біз психологиялық жағынан әлсіз болғанымызды көрсетіп қойдық. Жақсы білесіздер, командамызға жазғы маусымда бір ғана ойыншы ала алдық. Сол Мурат Суюмагамбетов әлі де толықтай ойынға кірісіп кеткен жоқ. Өзіміздің сырт алаңдағы жағдайымыз белгілі болды. Алаң иелерінің тамаша жеңісімен құттықтаймын. «Ордабасы» командасы осы бетінен таймаса алғашқы орындардың бірінен көрінеді.

    Виктор Пасулько,«Ордабасы» командасының бас бапкері:
    -«Восток» командасымен болған бірінші айналымдағы ойын жайында ойласақ, өкініштен өзегіміз өртенеді.Сол матчта жеңіп тұрып қалай қолымыздан жеңісті беріп жібергенімізді бүгінге дейін түсіне алмаймын. Сол есені қайтару үшін шәкірттерім барын салды. Өз дәрежесіне сай ойын көрсеткенінің арқасында ірі есепке қол жеткіздік. Дегенмен, екі бірдей футболшының ауыр жарақат алып қалуын қалай түсінуге болады? Футболшының жанын футболшы түсінудің орнына оған залал салу адамгершілікке жата ма?
    Екі ойыншы да кемі екі апта ойынға шыға алмайды. Родригес Лопес екі ойында керемет қосылып келе жатыр еді.Тағы бір ерекше атап өтерім, Азат Нургалиевтің әрекеті ол гол өзінің жетістігі еді. Соны әріптесіне сыйлауы футболдағы сирек кездесетін құбылыс. Міне, осындай әрекеттер ғана команданы биікке алып шығады.

    Ілияс Жолдас, «Ордабасы» ФК пресс-атташесі
    Фото: Малик Искако
    в
     

    Ордабасы - Восток 4:1 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Восток:

    Резерв:

    .

    13 июля, 2013, 18:30 . Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 5881 )