РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

3:0

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 14 тур30 мая, 2013— 17:00
Атырау
Шымкент. Стадион имени Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Атырау 3:0 (1:0)
    Голы:
    Карпович 29, Арури 74, Гуйе 85
    Предупреждения: Гуйе 45, Арури 74, Бабатунде 90 - Д. Родионов 27, Нурыбеков 63, Пахолюк 90+1
    Ордабасы: Отарбаев, Мвесигва, Алиев (Ирисметов 46), Нургалиев (Суюмбаев 84), Карпович, Аширбеков (Бабатунде 69), Гуйе, Бейсенов, Левин, Адырбеков, Арури
    Резерв: Григоренко, Касьянов, Толебек, Фильчаков
    Атырау: Бойченко (Калменов 38), Чуреев, Туторич, Миланкович (Пахолюк 9), Самченко, Нурыбеков, Д. Родионов, Данилюк (Татишев 65), Пейкришвили, Фомин, Антуан-Кюрье
    Резерв: Головешкин, А. Родионов, Дарабаев, Кайраллиев
    Судьи: Дузмамбетов (Усть-Каменогорск), Обрядов (Семей), С. Попов (Астана)
    30 мая. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 3000 зрителей 

     

    Шын мәнінде де солай. Шымкенттің «Ордабасы» командасы қазіргі таңда қиын жағдайды басынан өткеріп жатқаны жасырын емес. Мұны жергілікті жанкүйерлер мен команданың басшылығы да айқын сезінуде.
    Оның үстіне өткен ойында қатаң ескерту алған Мұхтар Мұқтаров ойынға қатыспады. Соның салдарынан да орталық қорғаушының жағдайы тіпті қиындай түсті.
    Матчтың басталған тұсында «Атыраудың» қорғаушысы Миланковичтің . жарақат алып қалуына байланысты жасыл алаңға кезінде «Ордабасы» клубында ойнаған Роман Пахолюк шықты. Бұның өзі бапкер тактикасын аяқ астынан өзгертуге тура келді.
    Осы тұста қарсыластарының босаңсығанын анық байқаған ордабасылықтар есеп ашуға қол жеткізді. Ойынның 20-шы минутында Андрей Карпович жиырма метрдей жерден белгіленген айып добын теуіп, қақпа мен бағананың түйіскен жерінен гол салды. Есеп 1:0.
    Бұдан кейін есепті теңестіруге бар күш-жігерін салған «Атырау» сапындағы Тарас Данилюк 17 метрдей жерден допты бағыттаған болатын. Алайда, доп қақпадан тым биік кетті. «Атырау» командасының бас бапкері Миодраг Радулович осы кезде командасына жігер беру мақсатында тәжірибелі қақпашы Сергей Бойченконың орнына жас қақпашы Н.Калменовты шығарды.
    Ал, 39 –шы минутта «Атыраудың» шабуылшысы Микаель Антуан-Кюрье шабуыл кезінде гол салғанымен ,ортадағы төреші Руслан Дузмамбетов оны ойыннан тыс қалды деп голды есепке алмады.
    Екінші кезеңде алаңдағы оқиғаны толық тізгіндеріне алған шымкенттік футболшылар алаңның екі қанатынан толассыз қарсыластарға ойсырата шабуыл жасаумен болды. Бұл бас бапкер Виктор Пасульконың ізбасарларына берген басты тапсырмасы болатын. Осы кезде кездесуге алмасып шыққан Бабатунде М.Аруримен пас алмасып, тағы бір керемет гол салуға қол жеткізді. Екінші голдың авторы – Мухаммед Арури атанды.
    «Ордабасы» командасының шабуылшысы Бабатунде Коллинсдің шеберлігі бұнымен тоқтап қалмады. Ойынның 90-шы минутында ол дәл осындай тамаша пасты әріптесі Мансур Гуйеге шығарды. Сол сәтте қорғаушылардан дер кезінде сытылып шыққан Мансур Гуйе жерлете теуіп, атыраулықтардың қақпасының торына үшінші голды тулатты. Есеп 3:0.
    Осы ірі есеп матч соңына дейін сақталып қалды. Ойын соңында болған баспасөз мәслихатында «Атырау» командасының бас бапкері Миодраг Радулович өз командасындағы жағдайдың мәз емес екендігін ашына айтты.

    После игры
    Миодраг РАДУЛОВИЧ, «Атырау» командасының бас бапкері:
    - Біз үшін бұл кездесу ғана емес бүкіл бірінші айналымдағы ойындар өте қиындықпен өткенін жасыра алмаймын. Егер де біз құрамаға жаңадан ойыншылар алмасақ тығырықтан шығу оңайға соқпайды. Командамызға кәсіби деңгейдегі қорғаныс пен шабуыл шебіне де тәжірибелі футболшылар қажет. Олай болмайынша, бізге премьер лигада орнымызды сақтап қалу өте қиын.
    Әріптесім Виктор Васильевичті және шымкенттіктерді керемет жеңістерімен құттықтаймын. Бүгін «Ордабасы» командасы өзінің үздік ойындарының бірін өткізді.

    Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
    - Бүгінгі кездесуде көпшілік шәкірттерімнің шынайы бет-бейнесін көрді. Ойынның бірінші таймда өзіміздің бағыт-бағдарымызды, жоспарымызды жүзеге асыру үшін біраз еңбектенуге тура келді. Оның үстіне күннің ыстығы да футболшыларға кедергі жасады. Десек те, шәкірттерім мен қойған тактика мен тапсырманы толық орындады.
    «Атырау» командасындағы ойыншы Микаель Антуан-Кюрьенің үздіксіз жасаған шабуылы қорғаушыларымыздың қырағы болуына ықпал жасады. Кездесу барысында өзін таныта алмаған ойыншы П. Алеиевтің орнына Ф.Ирисметовті шығаруға тура келді. Екінші таймда алмасып шыққан шабуылшы Бабатунде өзінің жаңа қырынан танылып, екі бірдей гол салуға ықпал етті. Бұл жеңіс – біз үшін маңызды әрі лайықты жеңіс болды. Енді чемпионатта екі пата үзіліс болады. Осы демалысты пайдаланып біз командамызды алға жетелейтін мықты деген екі-үш ойыншыны алуымыз қажет. Қазір «Ордабасының» өзін көрсете алмаған бірқатар футболшылары трансферге шығарылды. Бәріне уақыт –төреші.



    Ілияс ЖОЛДАС, «Ордабасы» КФК пресс-атташесі
    Фото Малик Искаков

     

    Ордабасы - Атырау 3:0 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Атырау:

    Резерв:

    .

    30 мая, 2013, 17:00 . Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 5641 )