РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Матч-центр

  • Премьер-лига
  • Первая лига
  • Вторая лига
  • Кубок Казахстана
  • Суперкубок
  • Переходные матчи

1:0

Печать
Ордабасы
Премьер-лига , 2013 , 7 тур24 апреля, 2013— 17:00
Кайрат
Шымкент. Стадион имени Кажымукана 0 зрителей
Составы
Запасные
Составы
Запасные

Тренеры

  • Судьи

    Хронология

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Кайрат 1:0 (0:0)
    Гол:
    Гуйе 67
    Предупреждения: Нургалиев 4, Мухтаров 31, Кожабаев 35, Арури 72
    Ордабасы: Отарбаев, Мвесигва, Мухтаров, Нургалиев (Мальцев 62), Карпович, Аширбеков (Бабатунде 75), Кожабаев, Бейсенов, Гуйе (Абдулин 90+1), Адырбеков, Арури
    Резерв: Ирисметов, Алиев, Левин, Мукашев
    Кайрат: Рихард, Гурман, Кислицын, Михалик, Аддо, Гетериев (Недашковский 61), Дафф, Кнежевич, Кейлер (Калинин 82), Сиссей, Байжанов (Сахалбаев 77)
    Резерв: Шабанов, Шестаков, Нехтий, Сариев
    Судьи: Алешин, Суюнов (оба - Павлодар), Бондар (Караганда)
    24 апреля. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 4500 зрителей 

     

    Алматының «Қайратымен» болған ойын драмаға толы болды. Қостанайда қатаң ескерту алып ойыннан қуылған қақпашы Александр Григоренконың орнына «Ордабасының » қақпасын жас ойыншы Самат Отарбаев қорғады. Қақпашы үшін бірінші сынақ төрешінің ысқырығы есітіле сала орын алды.
    1-минутта «Қайрат» командасының алғашқы шабуылын бастаған .Й. Кнежевичтің 5-метрдей жерден тепкен добын Отарбаев қайтарып үлгерді. Әп деп ойын бастала сала А.Нургалиев пен Қожабаев ескерту алды. Мұның өзі футболшылардың еркін көсілуіне тұсау болған сынды. Бірінші тайм толықтай «Қайрат»футболшыларының шабуылымен жалғасты. Й.Кнежевичтің өзі 5-рет стандартты айып соққысын қақпаға бағыттады. Үш рет бұрыштама добын орындаған қонақтар өз үйінде жүргендей сезінді.19-минутта Ордабасы алғашқы шабуылын жасады. «Ордабасының» шабуылшысы Азат Нургалиевтың айып алаңынан тепкен добы қақпа бағанасынан қиыс кетті.
    38-минутта "Қайрат" тағы да қыспаққа алды .25-метрдей жерден айып добын орындаған Й.Кнежевичтің соққысы қақпадан сәл ғана тыс кетті. Қонақтар екі рет бұрыштама добын бергенімен қақпашы С.Отарбаев қателікке бой алдырмады.
    41-минутта "Қайрат" тағы бір қауіпті шабуыл жасады. Кнежевич қақпашымен жекпе жек шығып кетті.Отарбаевты алдап тебем деген оның соққысы 4-метр жерден сыртқа кетті.
    43-минутта "Қайрат"сапындағы ең үздік ойыншы Кнежевич енді сол қанаттан қақпаға соққы жасады. Оқтай жылдамдықпен ұшқан снаряд бағана жанынан өте шықты. УФФ..
    Екінші тайм басқа қойылыммен өрбіді. Үзіліс кезінде бас бапкер В.Пасулько бағыт бағдарды дұрыс бергенінің арқасында алаң иелері шабуылдаушы ретінде бірінші нөмірмен ойнай бастады.Орталық қорғаушы Артем Касьяновтың ойынға шықпауы көп мақсаттарға кедергі болды. Екі жаққа бірдей бақылау жасайтын орталық қорғаушылардың әлсіздігі байқалып жатты.
    53-минутта Қайрат Аширбеков Талғат Адырбековтың әуелете берген добын екі метр жерден баспен қақпаға бағыттай алмады. Доп биік кетті. Осы бір қауіпті сәттен кейін «Ордабасы» тізгінді өз қолына толықтай алды. Және 57-минутта Ордабасы бірінші рет бұрыштан доп берді.
    65-минутта Шымкент жанкүйерлерінің 7-тур бойы арманы болған голдың авторы белгілі болды. Ордабасының үздік ойыншысы Мансур Гуйе жеке шығып бұрыштан жерлете соққы жасады. Даниил Рихард ешбір амал жасай алмады. Жойқын соққымен жасалған доп қақпа торында тулап жатты. Есеп 1-0
    Чемпионат бойы зарығып отырған жанкүйердің жүрегіне жылылық орнады.
    Бірақ қарап жататын «Қайрат» жоқ. Ұмтылып қайткенде де есепті теңестіруге күш салды. Соққы жасаудан рекорд жаңартқан Й.Кнежевич соңғы соққысын қосымша минутта нәтижесіз жасады. Амалын табуы үшін бас бапкер голдың авторы М. Гуйенің орнына Ренат Абдулинді шығарды . Голдың авторын жанкүйерлер тік тұрып шығарып салды. Осылай тартысты ойын өз мәресіне жетті Есеп 1-0


    Владимир Вайс, «Қайрат»командасының бас бапкері:
    - Ойыншыларым бірінші таймда есеп ашуы керек еді. Сен салмасаң саған салады деген қағида орын алды. Ордабасыдан осындай жанқиярлық ойын күтпеген едік. Кейбір ойыншыларым бапкер қойған талаптарды толық орындай алмады. Осындай себептен мүмкіндікті қолдан беріп қойды. Біздің ойыншылар психологиялық жағынан әлсіздік танытты.

    ВикторПасулько, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
    - Көптен күткен жеңіс оңайлықпен келмеді. Футболшылар бір жұдырық болып бірікті . Бар күш жігерлерін ортаға жұмсады. Бірінші таймдағы Аруридің бір қателігі болмаса жігіттер өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарды. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауының арқасында мықты деген команданы жеңіп шықтық. Біз ойынды толық бақылай алдық.Бапкер бақыты деген осы шығар.Ойын тең дәрежеде алғашқы голға дейін тіресумен өтті. Біз осы жеңіске лайық болдық.Мен қазір команданың ойынына толық қанағаттандым деп айта алмаймын. Қателіктеріміз көп.Өзіңіз ойлаңыз алты тур бойы өз жолын таба алмаған психологиялық жағынан абден әлсіреген соңғы орындағы команданы аяғына тұрғызу маған оңай болған жоқ. Соны орнына келтіру үшін қаншама жұмыс жасап жатырмын. Глеб Мальцев жайында сұрап жатырсыздар.Оқу жаттығу жиынында оны мықты шабуылшы деп алған алайда ол сол атына лайық болмай отыр. Мен бұрын ойынға алмасып шығатын ойыншылар аз деп айтатын едім. Енді олар көп мен кімді шығарамын деп айтатын болдым.Осылай алаңға шығып рөль ойнайтын футболшылар маған керек емес. Маусым аралығында өзгерістер болатынын атап өткім келеді. Дегенмен бүгінгі ойынға жоғары баға беремін

    Ілияс Жолдас
    пресс атташе «Ордабасы»
    Фото Малик Искаков

    Ордабасы - Кайрат 1:0 (0:0)

    Ордабасы:

    Резерв:

    Кайрат:

    Резерв:

    .

    24 апреля, 2013, 17:00 . Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 0 зрителей.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [rus] => report [id] => 5354 )