РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

2:0

Печать
Qaisar
Премьер-лига , 2015 , 14 тур29 Мамыр, 2015— 18:30
Shahter
г.Кызылорда, стадион им.Г.Муратбаева 0 көрермендер
Құрылым
Қосалқылар
Құрылым
Қосалқылар

Жаттықтырушылар

  • Төрешілер

    Хронологиясы

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Статистикасы

    Кайсар – Шахтер 2:0 (1:0)

    Голы: Струков 34 (1:0), Юнузович 57 (2:0)

    Предупреждения: Кейлер 36 - Покривач 28, Порываев 82

    Кайсар: Нурмухаметов, Кляйн (к), Митошевич, Балтаев, Мулдаров, Кейлер, Шестаков, Мужиков (Ирисметов 78), Вороговский (Нехтий 89), Струков, Юнузович (Хунт 90+1)  

    Резерв: Прядкин, Цой, Нурдаулетов, Скорых

    Шахтер: Заруцкий, Дэвид, Азаматов (Тарасов 60), Джидич (к), Порываев, Покривач, Коструб, Карпович (Омиртаев 81), Ветров (Ермеков 46), Муртазаев, Топчагич 

    Резерв: Шацкий, Дубков, Наджарян, Вошаглик

    Судьи: Искаков (Астана), Суюнов, Тасыбаев (оба - Павлодар) 

    29 мая. Кызылорда. Стадион им. Г.Муратбаева. 3 000 зрителей 

     

    Қызылорданың «Қайсары» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Ел чемпионатының 14-туры аясында Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған жерлестеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетті.

             Соңғы кездері сәтсіздіктен көз ашпай келе жатқан екі команда үшін бүгін ойын психологиялық тұрғыда өте маңызды еді. Қызылордалықтар да, қарағандылықтар да турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Біреуінде тіптен бас бапкер де алмасып үлгерді. Сондықтан, «Қайсар» да, «Шахтер» де алаңға тыңғылықты дайындалып шықты.

             Алаң иелерінің бас бапкері Дмитрий Огай негізгі құрамға үлкен бір өзгеріс енгізді. Бұл шешім жанкүйерлерді ғана емес, қарсыластарды да таңғалдырған шығар. Соңғы екі жылда қақпадағы орынды ешкімге бермей, үнемі бірінші минуттан бастап алаңға шығып келе жатқан Кирилл Прядкиннің орнына Рамиол Нурмухаметов шықты. Ал ойын негізінен «Қайсардың» шабуылдарымен өрбіді. Бірінші таймның бел ортасында Сергей Струковтың қақырата соққан  добы қақпа торының тоғыздығынан табылса, екінші таймда әріптесінен әдемі пас алып, қақпашының қателігін тиімді пайдаланған Эдин Юнузович таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

             Рас, қонақтар қарымта шабуылдар арқылы өздерінің бақыттарын іздеп көрді. Бірақ алғы шептегі ойыншылары мардымсыз болып, сонымен қатар, «Қайсар» қорғаушылары қателіктерге бой алдырмай, ойын қызылордалықтардың жарқын жеңісімен аяқталды.

     

             Кызылординский «Кайсар» одержал долгожданную победу. «Волки» дома принимали карагандинский «Шахтер» и заставили вратаря гостей капитулировать дважды.

             Матч «Кайсар» - «Шахтер» для обеих команд был важен в психологическом плане. Обе коллектива идут в нижней части турнирной таблицы и чтобы, заставить замолчать скептиков им очень нужна была эта победа.

             Главный тренер хозяев Дмитрий Огай преподнес сюрприз, который,наверное, неожидали не только гости, но и болельщики, поставив на ворота РамиляНурмухаметова вместо не уступавшего стартовое место уже второй год подряд Кирилла Прядкина.  

              А игра прошла полностью под диктовку хозяев. В середине первого тайма после навеса углового мяч отскочил Сергею Струкову, который не дав мячу спустится на землю мощно пробил в «девятку». «Волки» и дальше прессинговали «кротов» на их половине поля, но до перерыва счет не изменился. Во втором тайме «кайсаровцы» смогли довести игру до победного. После длинной передачи ЭдинЮнузович воспользовался ошибкой вратаря и накатил мяч в пустую рамку. Итоговый счет 2:0, благодаря которому «Кайсар» вышел на 9-ое место. 

     

    Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері:

    -           Бұл жеңіс психологиялық тұрғыдан алғанда екі команда үшін де өте маңызды еді. Жеңіске жетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлаған футболшыларға алғыс айтамын. Футбол деген осындай, бірде жеңесің, бірде ұтыласың. Мәселен, «Шахтер» осыдан бір жыл бұрын Еуропада атой салған команда еді, қазір жағдайы тіптен мүшкіл. Сондықтан, бәріне түсіністікпен қарап, сабырға келу қажет.

    -           Трансферлік кезеңде «Қайсар» сапында өзгерістер бола ма?

    -           Әлбетте, команданы күшейткіміз келеді. Футболшылар қарастырамыз. Өзімізге қажетті ойыншылар болса, міндетті түрде сапқа қосамыз.

    -           Пламен Димов пен Дамир Дәуітов жарақаттарынан қашан айығады?

    -           Қазір ақырындап жаттығып жүр. Дегенмен асығыстық танытуға болмайды. Одан әрмен асқындырып алуымыз ғажап емес. Толық емделген соң бұл екеуі командаға көмек болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, Рахымжан Розыбакиев пен Жасұлан Молдақараевты да күтіп жүрміз. Бұлар да жарақаттарынан айыға алмауда.

     

    Евгений Свешников, «Шахтер» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

    -           Ойлаған біраз дүниелерімізді жүзеге асыра алдық. Бірақ тағы да сәттілік жолдас болмады. Алаң иелері бүгін жақсы ойнады. Енді бізге келесі матчтарға тыңғылықты дайындалу қажет.

    -           Жаңа бас бапкердің есімі қашан анықталады немесе өзіңіз қызметке толыққанды кірісесіз бе?

    -           Бұл маған емес, басшылыққа қойылатын сұрақ. Маған қаншалықты мүмкіндік береді, соншалықты жұмысымды жалғастырып, командама пайдамды тигізуге тырысамын.

    -           «Шахтердің» сәтсіздігіне не себеп? Әлде қаржылай қиындықтар бар ма?

    -           Шынын айтсам, себебін өзім түсіндіре алмаймын. Команда жап-жақсы жаттығып жүр. Жақсы ойыншылар бар. Дегенмен, әлі де кейбір шептерді күшейту қажет. Ал қаржы жағынан ешқандай да қағажу жоқ. Футболшылар жалақыларын толыққанды уақытылы алып отырады.

    -           Андрей Финонченко мен Александр Мокин қашан жарақаттарынан айығады?

    -           Бұлар қазір клуб дәрігерінің қарауында. Аздап жаттығып жүр. Бірақ жақын арада алаңға оралулары неғайбыл.

     

    Пресс-служба ФК "Кайсар"

    Qaisar - Shahter 2:0 (0:0)

    Qaisar:

    Резерв:

    Shahter:

    Резерв:

    .

    29 Мамыр, 2015, 18:30 . г.Кызылорда, стадион им.Г.Муратбаева. 0 көрермендер.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [kaz] => report [id] => 8222 )