РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

2:2

Печать
Qaisar
Премьер-лига , 2014 , 17 тур22 Маусым, 2014— 19:00
Aqtóbe
Кызылорда. Стадион имени Муратбаева 0 көрермендер
Құрылым
Қосалқылар
Құрылым
Қосалқылар

Жаттықтырушылар

  • Төрешілер

    Хронологиясы

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Актобе 2:2 (1:0)
    Голы:
    Землянухин 14 (1:0), Зенькович 50 с пенальти (1:1), Пиззелли 72 (1:2), Хунт 90+2 (2:2)
    Предупреждения: Примус 45+1
    Кайсар: Прядкин, Кляйн, Кулибали, Розыбакиев, Даутов, Шестаков (Молдакараев 70), Марушко (Савич 77), Нарзилдаев, Землянухин (Мошников 61), Струков, Хунт
    Резерв: Ширяев, Кунов, Яблан, Гетериев
    Актобе: Сидельников, Хайруллин, Примус (Пиззелли 46), Арзуманян, Шабалин (Тагыберген 66), Левин, Коробкин, Логвиненко, Сантана (Антонов 46), Зенькович, Кападзе
    Резерв: Бекбаев, Царикаев, Мирошниченко, Аймбетов
    Судьи: Алешин (Павлодар), Искаков (Костанай), Аубакиров (Астана), Дузмамбетов, Чесноков (оба - Усть-Каменогорск)
    22 июня. Кызылорда. Стадион имени Гани Муратбаева. 4500 зрителей

    Кешегі Германия – Гана кездесуіне бергісіз ойын бүгін Қызылордада да өтті. Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда өткен «Қайсар» - «Ақтөбе» ойыны 2:2 есебімен тең аяқталды.
    Бұл аталмыш командалардың биылдыққа өткізген өзара үшінші ойыны. Мұның алдындағы екі матчта да Сыр командасы ел чемпиондарынан 0:3 есебімен ойсырай жеңілген. «Ер кезегі үшке дейін» деді ме, «Қайсар» алаңда барын салып ойнады. Салған жерден шабуылға лап қойып, Сидельников қақпасының төрт бұрышынан да саңылау ізздеумен болды. Ақыры мақсаттарына жетті де. Ойынның 14-минутында Антон Землянухин айып добын әдемі орындап, қызылордалықтарды алға шығарды. Негізі Антонды пас асырады деп ойлаған көбісі. Бір қараған жанға солай көрінді де. Бірақ қақпаға шірене тепкен Землянухин Сидельниковты сан соқтырып кетті. Бұл жерде Мамуту Кулибалидің де допқа секіріп, «Ақтөбе» қақпашысын сеспей қатырғанын айта кетуіміз керек.
    Нағыз тартыс осыдан кейін басталды. Бас төреші Дмитрий Огайды қосалқы құрам отыратын орыннан қуғаннан кейін «Қайсар» бас бапкерсіз ойнауға мәжбүр болды. Соған қарамастан алаң иелері атойлай шабуылдап, қонақтарды қысымға алуға тырысқан. Бірақ бас бапкерсіз ойын қайдан жүрсін?! Екінші таймда «Қайсар» қақпасына қатарынан екі гол жіберіп қойды да жағдайларын қиындатып алды. Дегенмен, еңселерін түсірген жоқ. Қайта қарқындарын тіптен күшейтті. Сондай сәттердің бірінде алаңға жаңа қосылған Жасұлан Молдақараевтың жартылай соққы, жартылай пасын Римо Хунт кәдеге асыра алмады. Әттең, әдемі-ақ пас еді. Қақпаға екі-ақ метр болатын. «Теңбіл снаряд» Римо Хунттың дәл аяғына жетті. Алайда, эстониялық шабуылшы допқа аяғын созып үлгермеді. Десек те, Римо өз голын ақыры салды. Төреші қосқан үш минуттың екіншісінде әуелете жеткен пасқа бірінші болып жеткен Хунт допты баспен қақпаға қақырата соқты. Қорытынды есеп – 2:2.
    Енді келесі ойынын «Қайсар» 27 маусым күні Қарағандыда жергілікті «Шахтерге» қарсы өткізеді.

    Владимир Никитенко, «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері:
    - Күннің аптаған ыстығына қарамастан ойын өте тартысты өтті. «Қайсар» бекер үздіктер қатарында келе жатпағандығын дәлелдеді. Біз де алаңға тек жеңіс үшін шыққанбыз. Бірақ ойымыз жүзеге аспады. Қолда тұрған жеңіс еді, уысымыздан шығарып алдық.

    - Қалай ойлайсыз, «Қайсар» қақпасына пенальти белгілеген төрешінің бұл шешімі әділ болды ма?

    - Иә, бәрі де көрініп тұрды ғой. Шамасы, қорғаушы допты қақпаға еніп бара жатыр деп ойласа керек, қолмен тоқтатты. Яғни, бәрі де әділ болды.

    - Соңғы кездері «Ақтөбе» Премьер-лигада жиі ұпай жоғалтып ұпай жоғалтып жүр. Бұл «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасына дайындалып жатқандығы ма, әлде команда шынымен де тоқырауда ма?

    - Расымен де, соңғы кездері біздің ойынымызда дағдарыс байқалады. Футболшылар функционалдық тұрғыда аздап шаршаңқырап қалған сияқты. Әлбетте, жағдайды түзеуге тырысамыз. Бұлай ұпай жоғалта беруге болмайды.

    Сұлтан Әбілдаев, «Қайсар» футбол клубының аға жаттықтырушысы:
    - Ойынды көрдіңіздер. Футболшылар алаңда барын салып ойнады. Бірақ жеңіске қол жеткізе алмадық. Сол жағы өкінішті. Әйтпесе, команда алдында тек жеңіске жету ғана тапсырмасы болған.

    - «Қайсар» сапында келіп-кеткен ойыншылар бар ма? Трансферлік жаңалықтармен бөліссеңіз...

    - Әлбетте, өзгеріс болады. Қазбек Гетериевпен келісімшартқа отырдық. Тағы екі футболшы біздің сынақта жүр. Екеуі де легионер. Ал кеткен футболшылардан Сергей Шевцов пен Магомед Узденов бар. Сонымен қатар, Сүйіндік Көшековті де Бірінші лиганың клубына жібердік. «Қайсардың» қосалқы құрамында отыра беруге болмайды. Алаңға жиі шығып, тәжірибе жинауы тиіс.
     

    Qaisar - Aqtóbe 2:2 (0:0)

    Qaisar:

    Резерв:

    Aqtóbe:

    Резерв:

    .

    22 Маусым, 2014, 19:00 . Кызылорда. Стадион имени Муратбаева. 0 көрермендер.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [kaz] => report [id] => 6982 )