РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

1:0

Печать
Qaisar
Премьер-лига , 2014 , 13 тур24 Мамыр, 2014— 19:00
Astana
Кызылорда. Стадион имени Муратбаева 0 көрермендер
Құрылым
Қосалқылар
Құрылым
Қосалқылар

Жаттықтырушылар

  • Төрешілер

    Хронологиясы

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Астана 1:0 (1:0)
    Гол:
    Дмитренко 7 автогол
    Предупреждения: Шестаков 30, Даутов 37, Прядкин 90+5 – Джолчиев 34, Аничич 90+2
    Кайсар: Прядкин, Кляйн, Кулибали, Балтаев, Даутов, Шестаков, Марушко, Молдакараев (Землянухин 61), Калинин (Кунов 67), Мошников (Шевцов 82), Хунт
    Резерв: Короткевич, Яблан, Нарзилдаев, Савич
    Астана: Логиновский, Пикалкин, Дмитренко (Брессан 70), Аничич, Шомко, Джолчиев (Нусербаев 66), Нурдаулетов, Каньяс, Мужиков, Остапенко (Кояшевич 59), Курдов
    Резерв: Толебаев, Ахметов, Шахметов, Ли
    Судьи: Измайлов (Талдыкорган), Искаков (Костанай), Полуэктов (Тараз)
    24 мая. Кызылорда. Стадион имени Гани Муратбаева. 6000 зрителей 

     

    Қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізген «Қайсар» Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матч соңында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев команданы құттықтап, алғысын айтты. Өз кезегінде футболшылар Қызылорданың №1 футбол жанүйеріне 59 нөмірлі жейдені сыйлады. Осыдан төрт күн бұрын туған күнін атап өткен аймақ басшысына «Қайсар» осылай сыйлық жасады.
    Ал ойын, бір-ақ гол соғылғанымен өте тартысты өтіп, Қызылордаға құрметті қонақ ретінде келген Қазақстан футболының аңыз тұлғасы Тимур Сегізбаев, Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Аллен Чайжунусов, Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман және даңқты балуанымыз, FILA Бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов екі команданың да ойынынан керемет ләззат алды. Кездесу алдында Қызылордада өткен Тимур Санжарұлы Сегізбаев турнирінің жүлдегерлері марапатталса, үзіліс кезінде Дәулет Болатұлы «Қайсар» футбол клубына су жаңа автобустың кілтін табыстады.
    Матчтың өзі алаң иелерінің жылдам голымен басталды. Айып добы орындалып, Виктор Дмитриенко өз қақпасына гол соғып алды. Жылдам гол қонақтарды аздап есеңгіретіп тастаған секілді. «Астананың» ойыны жүрмей, футболшылары жиі қателесе берді. Тек Бауыржан Жолшиев пен Дмитрий Шомко және Серікжан Мужиков белсенді болды демесеңіз, өзгелерінің ойындары мардымай, бас бапкері Григорий Бабаянның біраз жүйкесін жұқартты. Дегенмен, соңғы минуттар толығымен «Астананың» шабуылымен өрбіді. Алаң иелері қақпаларына «қамалып», алаң ортасынан аса алмай қалған кездері де болды. Бірақ қашанда сауатты ойнайтын «Қайсар» қорғаушылары мен қақпашысы Кирилл Прядкин бұл ойында елордалықтардың гол соғуына еш мүмкіндік берген жоқ.
    Сонымен, «Қайсар» турнир кестесінде екінші орынға көтеріліп, 24 ұпайды қоржындарына салды. Енді келесі ойынымызды 28 мамыр күні Алматыда оңтүстік астанамыздың «Қайратына» қарсы өткіземіз.

    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    - Ойын тең жағдайда өрбіді. Матч басында соғылған жалғыз гол ойын тағдырын шешіп кетті. Барынша жігер көрсетіп, жұдырықтай жұмыла білген жігіттеріме алғыс айтамын. Дегенмен, чемпионат әлі ұзақ. Босаңсымау керек.

    - Бүгін стадионда көрермен өте көп болды. Жанкүйерлердің қолдауларын сезіне алдыңыздар ма?

    - Иә, әлбетте, сезіндік. Алайда, жанкүйерлер команда тек жеңіске жеткен кездерде ғана емес, сәтсіз кезеңдерде де бізбен бірге болса екен деймін. Қиын кездерде де қолдау көрсеткен жанкүйерлерді – нағыз жанкүйерлер дей аламын.

    - Жазғы трансферлік кезеңде команда сапын жаңа футболшылар толықтыра ма? Қай шепті күшейткіңіз келеді?

    - Әлбетте, селекциялық жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ өзіміздің ойынымызға келетін футболшыларды қарастыруымыз керек. Ә дегеннен футболшыны ала салуға болмайды. Шынын айтсам, барлық шепті күшейткенді қалар едім. Алайда жағдайға да қарау керек.

    Григорий Бабаян, «Астана» футбол клубының бас бапкері:
    - Ойынымыз жүрмеді. Оның үстіне, жылдам гол бүкіл жоспарымызды құртты. «Қайсарды» құттықтаймын! Өте жақсы команда. Біз қызылордалықтардың қарымды команда екенін бірінші айналымдағы ойында-ақ сезінгенбіз.

    - Жалпы, биылғы чемпионатқа қойып отырған мақсаттарыңыз қандай?

    - Әзірге әр ойында жеңіске жетіп отыруымыз керек. Қалғанын уақыты келгенде көре жатармыз. Келесі тур да қиын болайын деп тұр. «Таразға» қонаққа барамыз.

    - Неге Таңат Нөсербаев пен Ренан Брессан бірінші минуттан бастап алаңға шыққан жоқ?

    - Мен оларды екінші таймда ойынға қосуды жоспарлағанмын. Сондай-ақ, бүгін бізге Фокси Кетевоама мен Сисеру жетіспеді. Екеуі де ұлттық құрамаларына шақырту алған.
     

    Qaisar - Astana 1:0 (0:0)

    Qaisar:

    Резерв:

    Astana:

    Резерв:

    .

    24 Мамыр, 2014, 19:00 . Кызылорда. Стадион имени Муратбаева. 0 көрермендер.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [kaz] => report [id] => 6854 )