РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

2:1

Печать
Qaisar
Премьер-лига , 2014 , 10 тур06 Мамыр, 2014— 18:00
Atyraý
Кызылорда. Стадион им. Муратбаева 0 көрермендер
Құрылым
Қосалқылар
Құрылым
Қосалқылар

Жаттықтырушылар

  • Төрешілер

    Хронологиясы

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Кайсар - Атырау 2:1 (0:1)
    Голы:
    Пархачев 13 (0:1), Хунт 57 (1:1), Хунт 78 (2:1)
    Предупреждения: Кляйн 45 - Пасичник 45+1
    Кайсар: Прядкин, Яблан, Кулибали, Кляйн, Балтаев, Алтаев, Марушко (Хунт 42), Розыбакиев, Нарзилдаев (Калинин 46), Струков, Савич (Мошников 75)
    Резерв: Ширяев, Кушеков, Кунов, Шевцов
    Атырау: Цирин, Пласконный (Шакин 77), Абдулин, Одибе, Пасичник (Бутуев 46), Коструб, Карпович, Эссаме, Блажич, Пархачев (Кучук 60), Трифунович
    Резерв: Шабанов, Афанасьев, Рудик, Гридин
    Судьи: Искаков (Астана), Будниченко (Экибастуз), Филоненко (Тараз), Карлибаев, Тевяшов (оба - Уральск)
    6 мая. Кызылорда. Стадион имени Гани Муратбаева. 5500 зрителей 

     

    Биыл «Қайсар» өз алаңындағы ойынын бірінші рет Орталық стадионда өткізді. Бұған дейін Дмитрий Огай өрендері қонақтарын «Локомотив» стадионында қабылдап жүрген. Ол жақта бес ойын өткізіп, мамырдың алғашқы аптасында Орталық стадионға оралды. Бірден айта кетейік, Қызылордада термометр бағаны 40 градусты көрсетіп тұрғанына қарамастан қадамдары сәтті болды.
    Дегенмен, «Атырау» ашығын айту керек, өте алымды команда. Құрамында тәжірибелі легионерлері жетерлік. Андрей Карпович, Евгений Коструб сынды қазақстандық ас футболшылары да бар. Кирилл Пасичник, Марат Бутуев сынды жастары да жалынды. Ойын мәнері де өрнекті. «Барселоналық» стильді ұстанатынынын көріп жүрміз. Бүгінгі ойында да қонақтар кездесуді өте ширақ бастап, әрлі-берлі пастарымен алаң иелері әбден далбалақтатып жүгіртіп қойды. Иә, «Атыраудан» допты оңайлықпен тартып ала алмайды екенсің. Пастарымен тербетіп тастайтыны соншалық, бір сәтке «Қайсар» футболшылары бесікте бөлеулі нәрестедей көрініп кеткені де жасырын емес. Допты да қақпаға бейберекет тебе бермейді екен. Оңтайлы сәтті аңдып жүріп, қақпаны нысанаға алады. Сөйтіп жүріп бірінші голды соғып кеткен де – «Атырау». 13-минутта-ақ. Оң қапталдан асырылған жартылай пас, жартылай соққы еді, доп Дмитрий Пархачевтің аяғынан серпіліп, Прядкин қорғаған қақпада тулап жатты.
    Соғылған гол «қайсарлықтарды» біраз есеңгіретіп тастады. Команданың ойыны жүрмей, шабуылдары орта жолдан үзіліп қала берді. Мұндайда не істеу керек екенін ә дегеннен-ақ түсінетін Дмитрий Огай бірінші таймның соңында ойынға өзгеріс енгізуді жөн көріп, орталық жартылай қорғаушы Матич Марушконың орнына алаңға таза шабуылшы Римо Хунтты шығарды. Екінші тайм бастала салысымен Думан Нәрзілдаевты Илья Калинин алмастырды. Сол-ақ екен, алаң иелерінің ойындарына қан жүгіріп, шабуылдарына да, қара сөзбен айтқанда жан кірді. Оның үстіне, Дмитрий Огайдың көрегендігін қарасаңызшы, осыдан екі күн бұрын екінші рет әке атанған Римоның осы ойында гол соғып, бар өнерін саларын білді де, эстон шабуылшысын дер кезінде алаңға шығарды. Хунт дәлелдеді, өзінің қаншалықты шебер шабуылшы екенін. Алдымен Милиян Яблан орындаған айып добына бірінші болып жеткен Римо допқа басын дәл уақытында қойып қалды. Одан кейін 78-минутта эстониялық шабуылшы тағы да «Қайсар» шабуылын сәтті аяқтып, осы ойындағы дубльдің авторы атанды.
    Сонымен, қорытынды есеп – 2:1, «Қайсар» жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алды. Ал матч соңында футболшыларды құттықтау үшін киім ауыстыратын бөлмеге арнайы кірген облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Римоның қолын алып, баласына бауы берік болсын айтты.
    Ал “Қайсар» осы кездесуден кейін 15 ұпаймен 4-орынға көтерілді. Енді 10 мамыр күні Сыр командасы Талдықорғанның «Жетісуына» қонаққа барса, «Атырау» өз алаңында «Астананы» қабылдайды.

    Владимир Белявский, «Атырау» футбол клубының бас бапкері:
    — Ауа-райының аптап ыстық болғанына қарамастан ойын өте тартысты өтті. Алаң иелерін құттықтаймын, жеңіске деген жігерлері зор болды. Қорғаныстағы қателіктерімізді сәтті пайдаланып кетті. Дегенмен, бізге еңсе түсіруге болмайды. Маңызды ойындар әлі алда. Келесі тур да қиын болайын деп тұр. Өз алаңымызда «Астананы» қабылдаймыз.

    — «Қайсар» сапынан қай ойыншылар ұнады?

    — Маған бүгін қызылордалықтар жеке ойыншы ретінде емес, команда ретінде қатты ұнады. Олар бірлігі жарасқан ұжым екендіктерін дәлелдеді. Бәрі де жеңіс үшін сүбелі үлестерін қосты.

    — Гиорги Пейкришвилидің құжаттары реттелді ме, Савио Нсереко жарақатынан айықты ма?

    — Жоқ, Пейкришвилидің мәселесі әлі оң шешімін таппай жатыр. Бірер күнде құжаттары толық реттеледі деп үміттенемін. Ал Савио Германияға ұшып кеткен. Аяғын жарақаттап алды. Ем-домы жақсы болса, келесі ойынға үлгеруі тиіс.

    — Жалпы, «Атыраудың» алдына биыл қандай мақсаттар қойылған?

    — Мақсатымыз – асқақ. Үздіктер қатарынан көрінгіміз келеді. Қолымыздан келе ме, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Неде болса, чемпионат ұзақ. Біз әр ойында тек жеңіске жетуге тырысамыз.

    Дмитрий Огай, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
    — Иә, бүгін футбол ойнау өте ауыр болды. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, мен алаң жиегінде тұрып, борша-борша тер болдым. Ал футболшылар қандай жағдайда ойнағанын өздеріңіз де түйсініп отырған боларсыздар. Ойын соңында футболшылар «күн ыстық болды, ойнау мүмкін болған жоқ» десіп жатты. «Бұл әлі ештеңе емес, Қызылорданың нағыз ыстыңын енді көресіңдер» дедім. Шынымен де, күн қайтап тұрды. Соған қарамастан, жеңіске деген жігерліктерін көрсетіп, жеңісті жұлып алған шәкірттеріме ризамын. Дегенмен, бұл жеңісті ұмыту керек. Келесі ойынға дайындықты бастаймыз.

    — Екінші таймда команданың ойын мәнері күрт өзгерді. Ойыншыларды жігерлендіретіндей не айттыңыз?

    — Аса ештеңе демедім. Тек екінші таймда не істеу керектерін, қалай ойнау қажеттігін түсіндірдім. Одан бөлек, ойынға өзгеріс енгізіп, екі футболшыны алмастырдым. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер.

    fckaysar.kz

    Qaisar - Atyraý 2:1 (0:0)

    Qaisar:

    Резерв:

    Atyraý:

    Резерв:

    .

    06 Мамыр, 2014, 18:00 . Кызылорда. Стадион им. Муратбаева. 0 көрермендер.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [kaz] => report [id] => 6763 )