РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

1:2

Печать
Ordabasy
Премьер-лига , 2013 , 26 тур15 Қыркүйек, 2013— 17:00
Qairat
Шымкент. Стадион им. Кажымукана 0 көрермендер
Құрылым
Қосалқылар
Құрылым
Қосалқылар

Жаттықтырушылар

  • Төрешілер

    Хронологиясы

    Забитый гол Начало I тайма Конец I тайма Начало II тайма Конец II тайма Красная карточка Жёлтая карточка Вторая жёлтая карточка Угловой удар Аут Замена Автогол Гол с пенальти

    Ордабасы - Кайрат 1:2 (1:0)
    Голы:
    Юнузович 14 (1:0), Сиссей 58 (1:1), Кнежевич 73 (1:2)
    Предупреждения: Алиев 45, Аширбеков 63, Арури 64 - Едигарян 76
    Ордабасы: Григоренко, Левин, Мвесигва (Ирисметов 27), Мухтаров, Арури, Адырбеков, Алиев (Бейсенов 68), Карпович, Аширбеков (Белич 64), Нургалиев, Юнузович
    Резерв: Отарбаев, Сабиров, Сыдыкбек, Пахолюк
    Кайрат: Лория, Шестаков, Михалик, Гурман, Кислицын, Едигарян (Дафф 77), Еременко (Аддо 85), Гетериев, Кнежевич (Кукеев 90+2), Ли, Сиссей
    Резерв: Рихард, Калинин, Сахалбаев, Землянухин
    Судьи: Карлибаев (Уральск), Полуэктов (Тараз), Будниченко (Экибастуз)
    15 сентября. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 4000 зрителей 

     

    Алматының «Қайраты» қашан да «Ордабасы» үшін қолайсыз қарсылас болып табылады. Сондықтан да екі команда кездесуді асқан сақтықпен алаңда бастады. Жергілікті жанкүйерлерді көп күттірмеген алаң иелері алғаш болып есеп ашты.
    12-минутта кезекті шабуылды бастаған А.Нургалиев сол қанаттан жеке шыққан Алиевке доп шығарды. Бірден әрекетке көшкен Алиевтің әуелете берген добын Эдин Юнузович баспен бағыттап, Давид Лория қорғаған қақпа торында тулатты. Есеп 1:0.
    Матчтың бірінші таймында шымкенттік команданың ең тәжірибелі қорғаушысы Э.Мвесигва жарақат алып қалды. Осы сәтсіздік команданың бүкіл жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
    Осы кездесуде ең мықты шабуыл жасаған ордабасылық Азат Нұрғалиев екендігі сөзсіз. Ол қаншама рет қарсыластар қақпасына гол салуға ұмтылғанымен таблодағы есепті ұлғайтуға сәті түспеді.
    Алайда, екінші тайм басқаша бағытпен өрбіді. 58-ші минутта шабуыл өтіндегі Й.Кнежевичтің оң қанаттан бастаған шабуылы нәтиже берді. «Қайрат» командасының шабуылшысы, чемпионаттың ең үздік сұрмергендерінің бірі Сисей нүкте қойды. Допты жерлете теуіп, қақпашы Григоренконы қапы қалдырды.
    «Қайрат» шабуылшысы М.Сисей бірінші таймда көлеңкеде жүргенімен, екінші таймда ойламаған жерден бір сәтті шабуыл жасап, есепті теңестірді. Шыны керек, алматылықтар бірінші таймда кеткен есесін дер кезінде қайтара білді.
    Ал, ойынның 72- ші минутында «Қайраттың» бетке ұстар футболшысы Й. Кнежевич «Оррдабасы» командасымен болатын кездесуде белсеніп кететін көпшілік жақсы біледі. Осы жолын да өз бағытынан таймаған ол шабуылдардың бір кезегінде тағы да оң қанаттан жасаған жойқын соққысы қақпаның торында дәл тулады.
    Міне, ойламаған тамаша тактика! Есеп 1:2.
    Шымкенттік команданың капитаны Қайрат Аширбеков ойыншылардың арасынан жеке шығып кетіп еді. Алайда, қорғаушылардың бірі Аширбековті қағып кетті. Дәл осы сәтте төреші Аширбековке әдейі құладың деп ескерту берді. Осыған наразы болған жергілікті жанкүйерлер біразға дейін өз наразылықтарын білдіріп жатты.
    Енді бір тартысты сәтте Нургалиев командаласы Е. Левинге керемет пас шығарып берді. Бірақ, жас футболшының жолы болмай-ақ қойды.
    Ең маңызды деген ұпайға қол жеткізіп, алғашқы үштікке енеміз деп сенім білдірген жанкүйерлердің ыстық ықыластары су сепкендей басылды.

    Владимир ВАЙСС, «Қайрат» командасының бас бапкері:
    - Ойын толық алаң иелерінің басымдығымен өтті. Бірінші таймда шәкірттерім тек қорғаныста болды. Екінші таймда футболшылар менің қойған қатал тапсырмамды , дәл орындай білді. Соның да ықпалы болар, біз мүлдем басқа команданы көрдік. Құрама сапында ерекше өнерімен көзге түскен Кнежевич екі голдың соғуылуына да өзінің үлесін қосты. Бірнші кезекте тамаша пас берсе, екенші кезекте өзі голдың авторы атанды.


    Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
    - Өздеріңіз күә болдыңыздар, бұл жауапты кездесуде ең мықты деген команда жеңіліс тапты. Екінші таймдағы төрешілердің әрекеттерін айтқым да келмейді. Еліміздің жанкүйерлері мен жұртшылық теледидардан көріп отырғанындай, жасыл алаңдағы қазы қонақтарға бұра тартқаны байқалды.
    Біз ешкімнен көмек сұрамаймыз. Біз тек төрешілердің алаңда әділ болғанын ғана сұраймыз. Ойнауға ешбір мүмкіндік бермейді. Қайрат Аширбекотың 11 метрлік айып алаңындағы шалып құлағанын керісінше, қонақтардың пайдасына шешті. Менің осынша еңбегімнің зая кеткеніне және жанкүйерлердің 90 минут бойы үміт еткенінің орындалмай қалғанына өкініш білдіремін.

    Ілияс ЖОЛДАС, пресс-атташе ФК «Ордабасы»
    Малик Искаков, фото

    Ordabasy - Qairat 1:2 (0:0)

    Ordabasy:

    Резерв:

    Qairat:

    Резерв:

    .

    15 Қыркүйек, 2013, 17:00 . Шымкент. Стадион им. Кажымукана. 0 көрермендер.



    Social

    / PFLKAZ

    PFLK TV
    Array ( [kaz] => report [id] => 6184 )