Серік Жейлітбаев атындағы Жүлде
Серік Жейлітбаев атындағы жүлде 2013 жылы тағайындалды. Сол жылы 38 жастағы футболшы дүниеден озған болатын. Серік Жейлітбаев «Қайрат» (Алматы), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Шахтер» (Қарағанды), «Ертіс» (Павлодар), «Жетісу» (Талдықорған) және «Восток» (Өскемен) клубтарында ойнады.
Үш рет Қазақстан чемпионы, екі рет Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Серік Жейлітбаев атындағы жүлде маусым аяғында футболдан Қазақстан чемпионатында ең көп матч өткізген ойыншыларға беріледі.
Серік Жейлітбаев атындағы жүлденің лауреаттары:
2013 жыл – Нұрбол Жұмасқалиев
2014 жыл – Самат Смақов
2015 жыл – Қайрат Әшірбеков
2016 жыл – Игорь Юрин
2017 жыл – Ренат Абдулин
2018 жыл – Мақсат Байжанов
2019 жыл – Азат Нұрғалиев
2021 жыл – Эдуард Сергиенко, Марат Шахметов, Александр Мокин
.jpg)