РУС ҚАЗ
Қазақстан Кубогы
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан Кубогы ақтық сынында «Тобыл» мен «Ордабасы» жолығады

08 Қараша 2011, 18:57

Жартылай финалдың жауаптық матчтарында «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары келесі кезеңге өту үшін бар күштерін сарқып салды. «Тараз» Шымкентте жеңіліс тапты: қырау шалған алаңда иелері бірден өткір шабуылды ойын көрсетіп, 2-минутта команда капитаны Қайрат Әшірбеков есеп ашты. Кездесудің екінші жартысында құрама шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов көзге түсіп, жас қорғаушы Бақдәулет Қожабаев матчтың соңғы шешуші нүктесін қойды.
Затоболда алаң иелері бірден матч барысын шешіп алуды жөн деп тапты. 33-минуттың өзінде олар 3:0 есебімен алға шығып кеткен болатын. Бірақ мачтың екінші таймында алаңға шыққан Константин Заречный бір гол соғып, екінші голды да ұйымдастырып үлгерді. «Ертіс» соңғы минуттарда үздіксіз шабуылдап бақты, ал «тобылдықтар» қорғанысқа бекінді. Павлодарлықтарға есеп теңестіруге уақыт тапшы келді. Нәтижесінде «Тобыл» финалға шықты - 3:2.



Тобыл - Ертіс 3:2 (3:0)
Голдар:
Волков 22 (1:0), Гридин 30 (2:0), Бекрич 33 (3:0), Заречный 61 (3:1), Зебелян 81 автогол (3:2)
Ескертулер: Багинский 89 - Тлешев 36
Тобыл: Багинский, Овшинов, Кислицын, Лотов, Қуантаев, Богданов, Сливич, Жолшиев (Костюк 65), Волков, Гридин (Зебелян 70), Бекрич (Юрин 90+)
Резерв: Герфорт, Нұрғалиев, Аханов, Жәтеков
Ертіс: Цирин, Кучма, Құлыбәлі, Чернышов, Шетле, Сергиенко (Заречный 46), Говедарица, Балажич, Асанбаев, Даскалов (Мальцев 46), Тлешев
Резерв: Калмыков, Деркач, Аяғанов, Николич
Төрешілер: Жуковский (Ақтобе), Ходин, Шәріпов (екеуі де - Атырау)
8 қараша. Затобол. «Затоболец». 2500 көрермен
Бірінші матч - 1:1


Ордабасы - Тараз 3:0 (1:0)
Голдар: Әшірбеков 2, Тәжімбетов 69, Б. Қожабаев 74
Ескертулер: Нұрғалиев 5, Мвесигва 54 - Кургулин 88
Ордабасы: Бекбаев, Адырбеков, Мвесигва, Трайкович, Б. Қожабаев, Бейсенов, Касьянов, Нұрғалиев (Махамбетов 90+), Бабатунде, Әшірбеков (Вагнер 81), Тәжімбетов
Резерв: Бондаренко, Төлебек, Ешманов, Левин, Сүйімбаев
Тараз: Нұрмұхаметов, Жүсіпов, Недашковский, Адамович, Соболев, Диакате, Кургулин, Исламхан, Иованович, Кенбаев (Белич 46), Айтбаев
Резерв: Мұқашев, Сейдіханов, Ерсалимов, ҚарпыҚ, Дәрібаев, Бауыржан
Төрешілер: Хисамутдинов (Павлодар), Сарқытов, Көпжасар (екеуі де - Қызылорда)
8 қараша. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 1500 көрермен
Бірінші матч - 1:3

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 927 )