РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОйрат Сәдуов - "Астана-1964 " ФК бас бапкері

15 Шілде 2011, 15:16

Ойрат Батайұлы бірден болашақ шәкірттерінің ойынын көру үшін Астанаға келді. 13 шілдеде «Астана» Бірінші Лиганың бірегей үздіктерінің бірі – көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Жаңа бас бапкерді командаға таныстырды.
«Енді бір әрбір матчты жеңуге міндет қоямыз», деді Ойрат Батайұлы жаңа командасына, сондайлық футболшылардың функционалдық дайындығына да баса назар аударуды атап көрсетті.
Бұдан соң, Ойрат Сәдуов командамен танысқаннан кейінгі әсерлерімен бөлісті.
- Мен кеше ойынға дөп келіп, оны қарауға мүмкіндігім болды. – дейді Ойрат Батайұлы. – Команда өзінің күрескер мінезін танытатындығы маған ұнады. Әрбір ойынға осындай көңілмен қатынасатын болсақ, біз өзіміздің турнирлік жағдайымызды жөндеп, жеңістерімізбен жанкүйерлерімізді қуанта аламыз деп ойлаймын. Өткен жылы клубта қаржылық жағдайынан анық мәселелері болғанын білемін. Бұл жылы ол қалпына келтірілген. Бұл бастапқы кезең деп айтамыз, ол солай болуға тиісті де. Команда барлық кезеңдерді өтуге тиісті. Мен бұл команданың тарихын, оның қазир дами бастағанын да білемін. Клубтың директорымен сөйлескен соң, бұнда анық жоспарлар пен нақты міндеттер қойылған. Сондықтан маған ұсыныс бірден ұнады да, мен келістім. Кейбір клубтар алдына міндет қойғанымен, олары не қаржымен қамтылмаған, не ұйымдастыру жұмыстары нашар. Менің алдыма нақты орындалуға болатын міндеттер қойды.
- Астанаға көшіп келуіңіз мүмкін бе?
- Біздің бапкерлік қызметіміздің өзі солай, - деп күледі бапкер. – Аңызға айналған Зико айтқанындай, «бапкердің қызметі – уақытша орындаушылық қызмет».
- Командамен алғашқы жұмыстарыңызды жоспарлап қойдыңыз ба?
- Алғашқы қызметті бірден анықтау қиын. Кассеталардағы жазбаларды қарап, қай бағытта жұмыс атқаратынымызды анықтаймыз. Жұмыстар физикалық жағынан немесе психологиялық жағынан, әйтпесе моральдық-жігерлік аспектісінен болуы мүмкін.
«Астана» командасынан ойыншылар Антон Молтусинов, Ахметжан Ахметжанов, Андрей Шумара, Виталий Старновский, Әлібек Бәкібаев және Бауыржан Сағындық кетіп қалғанын еске саламыз. Олардың орнына ойыншылар көкшетаулық «Оқжетпестен» Марат Іскұлов, «Қазақмыстан» қорғаушы Сергей Якушин «Астана» қатарын толықтырды. Осы клубтан Валерий Пастухов пен Арсен Қанапия қайтып оралды. Павлодарлық «Ертістен» тәжірибелі Руслан Гумар ауысты, сондайлық атыраулық «Ақжайықтың» 20 жасар шабуылшысы Диего Биекенов де енді астаналық клубтың құрамында.
Ойрат Сәдуовтің «Астана» ФК бас бапкері ретіндегі дебюті осы сенбіден, яғни 16 шілдеден басталады. бұл күні астаналық команда өз алаңында петропавлдың «Қызыджарын» қабылдайды.


Ойрат Батайұлы Сәдуов 1961 жылдың 4 ақпанында дүниеге келген. Павлодар футболында тәрбиеленген. Павлодарлық «Трактор» («Ансат», «Ертіс») 1980, 1982–1986, 1989—1998 жж.қызмет атқарғанн. "Ертістің" құрамында рекордты о йын өткізген. Павлодарлық клуб үшін 440 матч өткізіп, 7 рет гол соққан (КСРО чемпионаттарында — 248 матч, 6 гол, және Қазақстан чампионаттарында — 192 матч, 1 гол). Сол секілді алматылық «Қайратта» дубльде болып, (1981ж.), қарағандылық «Шахтерде» (1988 ж.), Қазақстан ұлттық құрамасында (12 матч) ойнаған. Әлем чемпионатының іріктеу шеңберінде ұлттық құраманың алғашқы капитаны болған. «Ертісте» ойнаушы бапкер (1996 ж.), бапкер — 1999, 2000 жж. Қазақстан жастар құрамасын, «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Тараз» және «Ертісті» (Павлодар) 2008, 2009жж.басқарған. Павлодар командасының ойыншысы ретінде 1993, 1997 жж. ел чемпионы, 1997—1998жж. Қазақстан Кубогын иемденген. 1997ж. Қазақстанның үздік оң қанат қорғаушысы атағын алған.


fc-astana.kz 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 757 )