РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАлматыда «С» категориясына бапкерлерді оқыту модулінің бірінші бөлімі өтті

12 Шілде 2011, 13:53

Төрт күн бойы алматылық тыңдармандарға УЕФА инструкторлары мен қазақстандық мамандар дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді.
ҚФФ техникалық орталығының шақыруымен Алматыға УЕФА инструкторлары ағылшындық Роберт Рассел мен украиндық Евгений Столитенко келді.
Оқудың бірінші күнінде УЕФА көпшілік футбол бойынша комиссиясының Мүшесі Евгений Столитенко тыңдармандарға «Украинада көпшілік және балалар футболын дамыту тәжірибелері» курсын оқып, алматылық бапкерлерді осы бағдарламаның барлық қырларымен таныстырды. УЕФА инструкторы Роберт Рассел көпшілік футбол жаттығуларын ұйымдастыру мен жоспарлау жайында әңгімеледі.
Оқудыің екінші күн шеңберінде Столитенко «Футбол техникасы. Ойын техникасын классификациялау» курсын оқытты. Төрешілік ету және инспекторлық департаментінің жауапты хатшысы Қайрат Сламбеков «Ойын ережелері» тақырыбында сабақ өткізді. Бұдан соң, тыңдаушылар «Спартак» стадионына барды, онда бапкер Андрей Ферапонтов практикалық сабақ өткізіп, соңынан тыңдармандармен бірге талдау жасады.
Үшінші күн жас спортшы физиологиясына арналды, медицина профессоры Ш.А. Балғымбеков «Балалар-жасөспірімдер жасының анатомиялық-физиологиялық негіздері» дәрісінің курсын оқыды. Модульдің бірінші бөлімін қазақстандық маман Бауыржан Сарсекенов тәмамдады, ол жаттығу процесінің ерекшеліктері мен көпшілік футболы бапкерлерінің сабақтарын жоспарлауды талдап көрсетті. Тыңдаушылар барлық инструкторлардың сабақ беруінің жоғары дәрежесін, сондай-ақ ҚФФ техникалық орталығы – оқыту ұйымдастырушыларының курсты іске асырудағы негізділік пен кәсібилік деңгейін атап өтті.
-ҚФФ техникалық орталығы қазақстандық мамандардың білімімен белсенді айналысады, бұған дейін «В», «А» және «Pro» категорияларына бапкерлерді дайындауда үлкен жұмыстар жасалынды, - дейді техникалық орталық директор, профессор Қайрат Адамбеков. – Бірқ кәсіби командалардың бапкерлерінің дайындығын қамтығанымызбен, осы профиль – көпшілік фктбол мамандарын оқытпадық. Осы жылдан бастап бұл олқылықты да толтырдық. Әзірге біз тек алматылық бапкерлерді қамти алдық, дегенмен келесі жылдан бастап,еліміздің басқа аймақтарының да бапкерлерін оқытқымыз келеді.
«С» курсы модулінің екінші бөлімі 2011 жылдың 4-8 қарашасы аралығында өтеді.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 751 )