РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Тобыл» Армения құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасасты

10 Шілде 2011, 19:24

Роберт Зебелян – сочи футбол мектебінің тәрбиеленушісі, шабуылшы позициясында ойнайды. 2002 жылы Сочи «Жемчужина» құрамасында дебют жасаған.

2004 ж. Роберт клуб алмастырды – «Жемчужина» қызметін тоқтатты. Бір жылдан астам «Сочи-04» командасында ойнаған Зебелян осы клубтың үздік бомбардиріне айналды. 2006 жыл маусымында Роберт сол кезде «Кубаньда» жұмыс істейтін Павел Яковенкодан ұсыныс алады.

2006 жыл бойы «Кубань» Бірінші дивизион турнир кестесінің басын бермеді, тек соңғы краснодарлықтармен кездесуде жеңіліп, екінші орынға түсті. «Кубань» Ресей Премьер-Лигасына шығып, Роберт 23 голмен клубтың үздік бомбардирі атанды.

2006 жылдың күзінде Роберт Армения құрамасының сапындағы дебютін жасады. Оның бірінші халықаралық қарсыласы Финляндия болды.
Келесі маусымда Зебелян клуб алмастырып, «Химкиге» ауысты. Дебюттік маусымда Роберт негізгі ойыншы бола алмады.

Қызықты жайлар: дәл сол «Химки» 2006 жылы «Кубаньды» басып озды.

Келесі маусымды Роберт жалға алу құқығында калининградтық «Балтикада» өткізді. «Химкиге» қайтып оралған Робертте қызметтік жолында екі нұсқа болды – Премьер-лигаға «Химки» құрамында шығу немесе туған «Жемчужинасын» қайта аяғынан тұрғызу.

Зебелян өз отатына қайтып, «Жемчужинаның» түстерін жарқырату керек деген шешімге келді. Сочи командасының құрамында екі сәтті маусым өткізді - 67 матч, 26 гол. 2009 жылы соңында қала әкімшілігі Робертті жылдың үздік футболшысы деп таныды.

Өткен көктемде Роберт Беларуссияға өтіп, Минскінің «Динамосы» құрамында өнер көрсетті. Осы клуб сапында 9 рет алаңға шығып, екі рет гол соқты.


Зебелян Роберт Артакович
Туған күні - 31 наурыз 1984
Бойы - 187 см
Салмақ - 72 кг
Позиция - Шабуылшы
Азаматтық - Армения



fc-tobol.kz 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 749 )