РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарИслам Аманғали - шілде айында соғылған үздік голдың авторы

15 Тамыз 2023, 15:46

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы 2023 жылғы маусымның шілдесіндегі ең үздік голды анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында ашық сауалнама өткізді.

Жанкүйерлердің таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионаты мен UBET-Бірінші Лигасының ойындары аясында соғылған 10 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша UBET-Бірінші Лиганың 14-турында «Қайрат-Жастар» командасының қақпасына соғылған «Ақтөбе» жастар командасының жартылай қорғаушысы Ислам Аманғалидің голы үздік гол болып танылды. Аталмыш гол айып добынан соғылып, «Ақтөбе» командасына үш ұпай алып келді.

Осы нәтижелі соққы үшін респонденттердің 55,66%-ы өз дауыстарын берді.

Естеріңізге сала кетейік, сауалнамада тек қазақстандық IP-мекен-жайы бар жанкүйерлердің дауыстары ескерілген.

PFLK TV