РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарВячеслав Сердюков — Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының маусым айындағы үздік футболшысы

18 Шілде 2023, 12:24

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс Конференциясының үздік футболшысы «Іле-Сәулет» командасының шабуылшысы Вячеслав Сердюков атанды. Сердюков 21 ұпай жинады.

Екінші орынды «Қайсар» жастар командасының жартылай қорғаушысы Нұрдаулет Әмірбек иеленді (12 ұпай), үздік үштікті «Іле-Сәулет» командасының ойыншысы Виктор Грабко (11 ұпай) қорытындылады.

PFLK TV