РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • 1XBET WINTER CUP
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Кубогы
  • Суперкубогы

ЖаңалықтарВячеслав Сердюков — Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының мамыр айындағы үздік футболшысы

20 Маусым 2023, 14:55

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Сауалнама қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс Конференциясының үздік футболшысы «Іле-Сәулет» командасының шабуылшысы Вячеслав Сердюков атанды. Өткен айда ол төрт ойынға қатысып, үш голдың авторы атанды.

Екінші орынды «Жетісай» ФК жартылай қорғаушысы Димаш Құдайберген иеленді, үздік үштікті «Оңүстік» жастар командасының ойыншысы Серік Рысбек қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді:

PFLK TV