ЖаңалықтарOLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турларында «Каспий» ФК мен «Астана» ФК арасындағы ойындарды өткізу тәртібі өзгерді
24 Мамыр 2023, 17:57

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астана» футбол клубының УЕФА Чемпиондар лигасына дайындығына байланысты, елордалық команданың «Каспий» футбол клубымен ойындарды өткізу тәртібін өзгерту туралы өтінішін ескеріп, «Каспий» футбол клубынан тиісті келісімін ала отырып, Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турлары шеңберінде «Каспий» футбол клубымен ойындарды өткізу тәртібін өзгерту туралы өтінішін қабылдады.
Аталмыш шешімге сәйкес, Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 14 турындағы «Астана»-«Каспий» ойыны 24 маусымда Астана қаласында өтсе, 13 тур аясындағы «Каспий» - «Астана» кездесуі 2 шілдеде Ақтау қаласында өтеді.
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIV туры Вахид Масудовтың құрметіне өтеді
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры Олимпиада чемпионы Евгений Яровенконың құрметіне өтеді
-
Асхат Тағыберген – OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік футболшысы
-
Қайрат Нұрдәулетов - OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік бапкері