РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • 1XBET WINTER CUP
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Кубогы
  • Суперкубогы

ЖаңалықтарҚазақстан OLIMPBET-Чемпионатының II туры Леонид Остроушконы еске алуға арналады

07 Наурыз 2023, 14:29
2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының II туры атақты бепкер Леонид Константинович Остроушконың құрметіне өтеді.
 
Остроушко қазақстандық футболда ұлы тұлға болып табылады. Жаттықтырушы ретінде Леонид Константинович көптеген қазақстандық командаларда қызмет етті – олар «Қайрат», «Цементник», «Алатау», «Целинник» және «Шахтер».
 
Леонид Константинович Остроушко КСРО спорт шебері және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады. Оның бастауымен «Цементник» КСРО чемпионатының қазақстандық аймағында «Б» классында 1 және 2 орынға ие болды, «Қайратпен» бірге КСРО Чемпионатының 1 лигасын жеңіп алды, сондай-ақ жоғары лигада 7 орынға қол жеткізді – аталмыш жетістік қазақстандық командалар үшін ең үздік нәтиже болып табылады. Остроушко Қазақстаннан тыс жерлерде де үлкен нәтижелерге қол жеткізді, атап айтатын болсақ ол «Дустликпен» Өзбекстан чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алды, сондай-ақ Беларусь чемпионатында минскілік «Динамомен» үздік команда атанды. Оның бапкерлік жетістіктері қазақ футболының тарихына алтын әріппен жазылған!
 
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Леонид Остроушко атындағы жүлдені ұсынды. Аталмыш жүлде маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік бапкеріне табысталады.
PFLK TV