РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКейлердің «Ақжайық» қақпасына соққан голы маусым қорытындысы бойынша үздік атанды!

25 Қараша 2022, 19:45

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік голын анықтау мақсатында футбол жанкүйерлері арасында сауалнама өткізді.

Лиганың таңдауы бойынша аяқталған маусымның наурыз-қазан айлары аралығында үздік атанған 8 гол, сонымен қатар Қазақстан Кубогының финалында соғылған «Ордабасының» ойыншысы Луис Гедештің голы ұсынылды.

Аталмыш сауалнама Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ҚКФЛ ресми парақшасында өткізілді. Сауалнамада тек қазақстандық интернет желісі пайдаланушыларының дауыстары ғана ескерілді (IP-мекенжайлар статистикасы бойынша).

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сергей Кейлердің оралдық «Ақжайықтың» қақпасына соғылған голына сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің көпшілігі (34,11%) дауыс берді. Аталмыш тамаша гол Қазақстан OLIMPBET-Кубогының ¼ финалында орын алды.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6544 )