РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКонстантин Горовенко - Қазақстанның қазан айындағы үздік бапкері!

08 Қараша 2022, 18:31

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік бапкерін анықтау үшін Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

«Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко әріптестерінің құрметіне ие болып, үздік атанды. Отандық клубтардың 14 маманының 11-і Горовенконы үздік деп атады. «Мақтаарал» Горовенконың жетекшілігімен қазан айында өткен бес турда бес рет жеңіске жетті. Осы жеңістер сериясының арқасында «Мақтаарал» чемпионатты турнир кестесінің 8 орынында аяқтады.

Сауалнамада екінші орында «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян иеленді. Бұл маманға екі әріптес өз дауыстарын берді.

Үшінші орында «Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер тұрақтады.

Кім кімге дауыс берді:
 
PFLK TV