РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XX туры Ордабаевтың құрметіне өтеді

13 Қыркүйек 2022, 16:28
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XX туры Құралбек Ордабаевтың құрметіне өтеді.
 
Құралбек Досжанұлы КСРО спорт шебері болып табылады. Ол «Металлург» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы), «Мелиоратор» (Шымкент) командаларында ойнады. КСРО халықтары арасындағы спартакиадасына Қазақ КСР құрама командасының құрамында қатысушысы болып табылады, сонымен қатар одақтың жастар құрамасында өнер көрсетті. КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында 185 матч өткізді.
 
Ордабаев кеңес футболы тарихындағы 11-метрлік айып соққыны қайтару бойынша үздік қақпашылардың бірі болып табылады. 1973 жылы Жоғары лига командалары арасында КСРО чемпионатында ойыннан кейінгі пенальти сериясында 14 соққы, жарыс барысында ойыннан 2 пенальти қайтарып, рекорд орнатты.
 
Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін алматылық «Қайраттың» команда Бастығы, ҚР футбол қауымдастығының Вице-президенті және Президенті, ҚР спорт және туризм Агенттігінің ойын түрлері бойынша Кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6442 )