РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Кубогы
  • Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАбылайхан Жұмабек - Қазақстанның тамыз айындағы үздік ойыншысы!

08 Қыркүйек 2022, 11:22

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың тамыз айының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі сауалнама ұйымдастырды.

Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 3 балл – бірінші орын үшін, 2 балл – екінші орын үшін, 1 балл – үшінші орын үшін. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Сауалнама қорытындысы бойынша тамыз айында «Тараз» ФК шабуылшысы Абылайхан Жұмабек еліміздің үздік ойыншысы атанды. 20-жасар шабуылшы жаздың соңғы айында өткен төрт ойында 6 гол соқты. Жұмабек 40 ұпай жинады.

Екінші орынды төрт кездесуде 4 гол соққан «Ақжайық» ФК сұрмергені Тома Табатадзе иеленді. Грузия елінің легионері 35 балл жинады.

Үздік үштікті «Астананың» жартылай қорғаушысы Педро Эуженио тұйықтады.

Кім кімге дауыс берді:

PFLK TV