РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Эльхан Астанов — Қазақстанның шілде айындағы үздік ойыншысы

09 Тамыз 2022, 16:13
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы шілде маусымының үздік ойыншысын анықтау мақсатымен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі сауалнама өткізді.
 
Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 3 балл – бірінші орын үшін, 2 балл – екінші орын үшін, 1 балл – үшінші орын үшін. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.
 
Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айда Қазақстанның үздік футболшысы «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов атанды. Шілде айында өткен бес ойында (чемпионатта бір, Кубокта төрт ойын) Астанов үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сауалнамада жас ойыншы 51 ұпай жинады.
 
Екінші орынды «Мақтаарал» шабуылшысы Рамазан Кәрімов иеленсе, үздік үштікті «Астананың» жартылай қорғаушысы Педро Эуженио тұйықтады.
 
Кім кімге дауыс берді: 
 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6397 )