РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕрсұлтан Төреқұл Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы атанды

21 Маусым 2022, 17:29

Екінші лиганың «Жас Сұңқар» - «Тобыл-Ж» командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің 8-турының ойынының алдында Солтүстік-Шығыс конференциясының ең үздік ойыншысы жүлдесі астаналық команданың шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұлға табысталды.

Ерсұлтан бас бапкерлер мен команда капитандарын арасында өткен сауалнамада 28 ұпай жинап, үздік атанды.

Жүлдені Целиноград футболының ардагері, «Целинник» командасы сапында 300-ден астам ойын өткізген, КСРО спорт шебері Владимир Романович Павлюк табыстады.

- Бірінші кезекте, өз командама және бапкерлер штабына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Бұл марапатқа ие болғаныма қуаныштымын, бұл мені оданда жақсы жұмыс жасауға жігерлендіреді. Командаға чемпионатта бірінші орын алу үшін көмектесу үшін бар күшімді саламын, - деді Ерсұлтан.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6349 )