РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОтандық клубтар 2022 жылғы маусымға дайындықты бастады

25 Қаңтар 2022, 17:10

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жаңа футбол маусымына дайындық аясында отандық клубтардың жоспарлары туралы хабарлайды.

 
«Тобыл»
Қазақстанның су жаңа чемпиондары 14-30 қаңтар аралығында Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды. Клуб ресми түрде бір ғана жолдастық кездесудің мерзімін жариялады. 29 қаңтарда Александр Москаленконың шәкірттері «Брегальница» (Солтүстік Македония) клубымен кездеспек.
Қазіргі уақытта «Тобыл»жаңа ойыншылар туралы ресми түрде ақпарат жарияланғанжоқ. Бұл ретте «Тобыл» өзінің ресми дереккөздерінде команданың экс-капитаны Азат Нұрғалиевпен және қақпашы Егор Цуприковпен қош айтысты.
 
«Астана»
Өткен жылдың соңында команданың тізгінін сербиялық маман Срджан Благоевич ұстады. Ол өзін ақтаулық «Каспийдің» бас жаттықтырушысы лауазымында көрсете білді.
Құрамадағы өзгерістер туралы айтатын болсақ, қақпашы Дмитрий Непогодов, қорғаушылар Антонио Рукавина, Энрике Кадет Лопез, Энао Битри, Жарко Томашевич, сонымен қатар жартылай қорғаушы Валерий Чуперка және шабуылшы Семир Смайлагичтің кететіні туралы клуб жариялаған болатын.
Жаңадан келген ойыншылар туралы айтатын болсақ, қақпашы Марко Милошевич, қорғаушылар Артем Рахманов, Брайан мен Камо Оганесян, сондай-ақ жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев ресми түрде таныстырды. Ал тәжірибелі қоғаушы Елдос Ахметов командамен жаттығуда.
 
 
«Қайрат»
Алматылық клуб дайындықты 13 қаңтарда өзінің базасында бастады.
Трансферлік жаңалықтардан клуб Ян Вороговскийдің бельгиялық «Моленбек» құрамына жалға берілгені туралы хабарлады. Сондай-ақ қақпашы Стас Покатилов, қорғаушылар Гафуржан Сүйімбаев, Денис Поляков және Камо Оганесянның келісімшарттарының аяқталуына байланысты командадан кететіні туралы ресми түрде хабарланды.
 
«Қызыл-Жар СК»
Петропавлдықтар елімізде орын алған жағдайға байланысты өзінің алғашқы жиынының басталу уақытын кейінге ауыстырған болатын. 8 қаңтардың орнына олар 21 қаңтарда ОЖЖ-на Түркияға аттанды, онда олар 10 ақпанға дейін дайындалуды жоспарлауда.
Өткен жылы «Атырау» сапында өнер көрсеткен бразилиялық Жиан Мартинш «Қызыл-Жардың» алғашқы жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды.
Клубтан кеткендердің сапында қақпашы Алмат Бекбаев, қорғаушылар Әлібек Қасым, Руслан Есімов, Нұрлан Даиров, жартылай қорғаушылар Дарко Зорич, Алтынбек Сапаров және Карлос Фонсека бар екендігін айта кету керек.
 
«Ақтөбе»
«Ақтөбе» 13 қаңтарда Түркияда оқу-жаттығу жиынына кірісті, онда Владимир Мұхановтың шәкірттері аталмыш айдың 24-ші жұлдызына дейін болады.
Батыс-Қазақстандық клуб жаңа футболшылармен толығуда және жиындағы жолдастық кездесулерде өзін белседі көрсетуде.
Клуб құрамын ресми түрде Арман Кеңесов, Ескендір Қыбырай, Мате Црнчевич, Рожерио дос Сантос Алвеш «Шина» және Уго Ведемон толықтырды. Сонымен қатар командамен жиынға бірқатар ойыншылар қатысуда, соның ішінде ұлттық құраманың қақпашысы Стас Покатилов және жас қорғаушы Әлібек Қасым.
Ақтөбеліктер ОЖЖ-да екі жолдастық матч өткізіп үлгерді - 1:2 есебімен «Полесьеге» есе жіберіп, 2:2 есебімен «Заря» командасымен тең тарқасты.
 
 
«Шахтер»
«Кеншілер» де Түркияда жиын өткізу үшін 14 қаңтарда ұшып кетті. Дайындық 1-ші ақпанға дейін жалғасады.
Ресейлік маман Магомед Адиевтің командасы құрамын белсенді түрде күшейтуде. Осы қатарда «Шахтер» сапын Роман Мұртазаев, Тоқтар Жаңғылышбай, Тимур Досмағамбетов, Джордже Чосич және Николай Ковталюк толықтырды.
Бірінші оқу-жаттығу жиынында «Шахтер» 25 қаңтарда «Гилянимен» (Косово) және 31 қаңтарда ЦСКА (София) жолдастық матчтарды өткізуді жоспарлап отыр.
 
«Каспий»
Ақтаулықтар «Ақтөбемен» тең дәрежеде жолдастық ойындарды белсенді өткізіп, екі рет ойнап үлгерді.
14 қаңтарда басталған жиында болгариялық Николай Костовтың шәкірттері македониялық «Борец» (0:1) және сербиялық «Металлац» (2:2) клубтарымен күш сынасты.
 
«Ақжайық»
Оралдықтар жергілікті футболшыларға арналған жиынды үйде өткізді. 22 қаңтарда команда Түркияға аттанды, онда олар маусымның басталуына дейін қалуды жоспарлап отыр.
Владимир Мазяр өткен жылғы тізімнен команданың сапында қалған ойыншылардан басқа, «Ақжайықтың» жастар командасының футболшыларымен толықтарды. Соның ішінде Екінші лиганың үздік сұрмергендерінің бірі Даниил Алмазұлы ОЖЖ-да өзнің жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысады.
 
«Тараз»
«Тараз» жыл басында клубтың аңызы Нүркен Мазбаев бастаған жаңа жаттықтырушылар штабын таныстырды.
19 қаңтарда басталып 25 ақпанға дейін созылатын Анталиядағы жиында команда өзінің жаңа ойыншыларын жариялайды. Қазіргі таңда өткен жылғы команда көшбасшылары Бауыржан Байтана мен Мұхамеджан Сейсенді қоса алғанда, жергілікті ойыншылармен қатар тәжірибелі жартылай қорғаушы Марат Шахметов пен қорғаушы Алекс Жуниор келісімшартқа қол қойды.
 
«Атырау»
Атыраулықтар 19 қаңтарда Түркияға оқу-жаттығу жиынына жол тартты. Жаңа бас бапкер Константин Горовенконың бастауымен жергілікті ойыншылар тобы, сондай-ақ бірқатар легионерлер келді.
Жаңа ойыншыларды ресми таныстыру бразилиялық қорғаушы Матеус Биссиден басталды.
Сонымен қатар «мұнайшылар» 4 жолдастық матч туралы ақпарат жариялады. 26.01 - Приштина (Косово), 29.01 - Ирактың олимпиадалық құрамасы, 02.02 - Факел (Ресей), 05.02 - ЛКС (Польша).
 
 
«Тұран»
Түркістандық клуб қаңтар айында жаңа бас бапкер Владимир Газзаевты таныстырды. Бұдан бөлек Қазақстан құрамасының капитаны Азат Нұрғалиевпен келісімшартқа қол қойды.
Клуб 18 қаңтардан бастап Түркияда жиын өткізіп, футболшыдармен бірқатар келісімшарттарға қол қойды. Мысалы, Александр Клещенко мен Максим Федин  команданың жаңа ойыншылары атанды.
 
«Ақсу»
Қазақстан чемпионатының жаңа өкілі жергілікті тәрбиеленушілердің айналасында команда құруға шешім қабылдап, павлодарлық футбол түлектерін басқа клубтардан қайтарды. Олардың ішінде Жасұлан Қайыркенов («Астана») және Михаил Голубничий («Жетісу») командаларымен өткен жиында.
Клубтың жаңа өкілдері ретінде украиндық бас бапкер Руслан Костышинді, ресейлік қорғаушы Али Гаджибековты, нигериялық Давид Обилорды және «Атырау» жартылай қорғаушысы Рафаил Оспановты атап өткен жөн. Өткен жылғы Бірінші лиганың үздік сұрмергені Мирас Тұрлыбек те келісімшартты ұзартты.
 
«Мақтаарал»
«Мақтаарал» — чемпионатының тағы бір жаңа қатысушысы. Жаңа бас бапкер Андрей Ферапонтовтың басшылығымен олар екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді.
Команда 2:0 есебімен «Оқжетпес» пен «Оңтүстік Академияны» жеңіп, Шымкенттегі ОЖЖ-ғы алғашқы жолдастық ойындарын өткізді.
«Мақтааралға» ресми түрде үш жаңа футболшы алынды: олар — қақпашылар Сергей Литвченко мен Алмат Бекбаев, қорғаушы Ілияс Әмірсейітов.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6202 )