РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАстана қаласында Лига Кеңесінің отырысы өтті

09 Маусым 2011, 15:26

Алдымен арнайы шақырылған қонақ – УЕФА медиа-офицері Мамука Кварацхелия сөз алып, ҚФФ білім беру қызметін жоғары бағалады, клубтардың басшыларына соңғы уақытта пресс-қызметке көп көңіл бөліп жүргені үшін алғыс білдірді. «Сіздерде клубтық пресс-хатшы жұмыстарына байланысты сұрақтарға қатысты біраз алға жылжу бар. Сіздер өткізіп жатқан білім беру шаралары УЕФА-да жан-жақты айтылып жатыр. Европалық федерациялардың ешқайсысы, тіпті, ең дамығандарының өзі соншалық медиа-семинарлар ұйымдастырмайды. Елдің спорттық медиа-ресурсының дамығанын да айрықша атап өткім келеді. Сіздер алға қарыштай қадымдап бара жатсыздар».
ҰФЛ директорының орынбасары Олжас Абраев 15.06. - 12.07.2011 ж. аралығындағы ашылатын трансферлік терезені еске салып, Цюрих қаласында өткен ФИФА Кеңесінде айтылған TMS (Transfer Matching System) жобасы бойынша ФИФА талаптарының қаталдана түскені жайында айтып берді.
ҚФФ бас заңгері Газинур Алимов қайта құрылған даулы мәселелер жөніндегі Палатаның қызметін түсіндірді. Бұл құрылымға клубтардан 1 өкіл қосу қажеттілігі туды. Дауыс беру барысында, бірауыздан, атқару қызметіне Александр Коночкинді («Астана» ФК) бекіту ұсынылды.
Лига Кеңесі Төрағасының Орынбасары қызметіне бірауыздан дауыс беру арқылы «Тобыл» ФК директоры Николай Панин лайық деп танылды.
Танымал спорт журналисті және продюсер Тимур Камашев отандық футболды танымал ету бағдарламасы аясында өткізілген алғашқы ток-шоу жайын әңгімеледі. 25 сәуірде шыққан «С футболом по жизни»ТВ-бағдарламасы үлкен қоғамдық серпін алып, футбол жанкүйерлерінің көңіл күйіне дөп келді. Маусым соңында осы сериядан кезекті ток-шоу өтпек, ол қазақстандық клубтардың европалық кубоктық турнирлерге дайындығына арналады.
ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов Премьер-Лига клубтары штатына дене шынықтыру дайындығын жүргізетін бапкерлерді енгізу ұсынысымен сөз алды. Концептуалдық оқыту жүйесі мен ондай мамандардың дайындығын ҚФФ техникалық орталығының Директоры Қайрат Адамбеков бекітті.
Лига Кеңесінің соңында бірінші лига басшыларының Жиылысы өтіп, сертификация, трансферлік саясат және басқа да көкейкесті мәселелер көтерілді.


Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 620 )