РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМаусымның үздік голы таңдалды!

23 Желтоқсан 2021, 20:46

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусымның ең үздік голын анықтау мақсатында сауалнама өткізді.

Сауалнамаға OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатына қатысушы клубтардың басшылары, бас бапкерлері мен капитандары қатысты. Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. Орындарға байланысты голдың авторларына сәйкесінше ұпайлар берілді: 3 балл – бірінші орын үшін, 2 балл – екінші орын үшін, 1 балл – үшінші орын үшін. Әрі қарай ұпайлар жинақталды.

Таңдауға OLIMPBET-Чемпионат және OLIMPBET-Кубок ойындарының аясында соғылған 8 гол ұсынылды. Ұсынылған әр голды жанкүйерлер ағымдағы жылдың наурыз-қазан айларындағы ең үздік гол деп таныды. 

Үміткерлер тізімі келесідей:
1. Абзал Бейсебековтың «Тұран» қақпасына соққан голы (наурыз айының үздік голы)
2. Игорь Сергеевтің «Ордабасы» қақпасына соққан голы (сәуір айының үздік голы)
3. Эрвейн Мукамның «Қайрат» қақпасына соққан голы (мамыр айының үздік голы)
4. Юрий Бушманның «Астана» қақпасына соққан голы (маусым айының үздік голы)
5. Ерболат Рүстемовтың «Атырау» қақпасына соққан голы (шілде айының үздік голы)
6. Талғат Кусяповтың «Тұран» қақпасына соққан голы (тамыз айының үздік голы)
7. Алексей Амановичтің «Атырау» қақпасына соққан голы (қыркүйек айының үздік голы)
8. Артур Шушеначевтің «Ақжайық» қақпасына соққан голы (қазан айының үздік голы)
 
Сауалнама қорытындысы бойынша Игорь Сергеевтің «Ақтөбе» сапында шымкенттік «Ордабасы» (OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 4-туры) қақпасына гол соққан добы 2021 жылғы маусымдағы ең үздік гол болып танылды. Сергеевтің добы 51 ұпай жинады.
 
Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік үштік келесідей:
1. Игорь Сергеевтің «Ордабасы» қақпасына соққан голы (сәуір айының үздік голы) - 51 ұпай
2. Талғат Кусяповтың «Тұран» қақпасына соққан голы (тамыз айының үздік голы) - 47
3.  Абзал Бейсебековтың «Тұран» қақпасына соққан голы (наурыз айының үздік голы) - 46
 

 

Кім кімге дауыс берді:

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6199 )