РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЭльхан Астанов — Анатолий Ионкин атындағы сыйлықтың иегері!

30 Қараша 2021, 14:52

2021 жылғы маусымнан бастап жылдың үздік жас футболшысы жүлдесіне хет-триктер салу жылдамдығы бойынша КСРО чемпионаттарының рекордсмені, атақты қазақстандық функционер Анатолий Михайлович Ионкиннің есімі берілді.

Бұл жүлденің бірінші лауреаты болып 21-жасар шымкенттік «Ордабасы» және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов атанды.

Эльхан осы маусымда, Францияға қарсы ойында алаңға шықты, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады. Еліміздің жастар командасының құрамында 5 ойын өткізіп, бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Туған клубы «Ордабасы» сапында Астанов чемпионат пен кубокта 30 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атады және 5 нәтижелі пас берді.

Өткен сауалнамада екінші орынды Арман Кеңесов иеленді. Павлодар футбол мектебінің түлегі өткен маусымды «Қайсарда» өткізіп, командаға OLIMPBET-Қазақстан Кубогында топтан шығуға көмектесті. Маусым қорытындысы бойынша ол 33 ойын өткізді, 4 гол соқты және 2 ассистпен көзге түсті. Қазақстан жастар құрамасының сапында 8 матч ойнады. Оның 5 — Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде, ал 3 кездесу «Antalya Cup» жолдастық турнирінің аясында өтті.

Үздік үштікті «Ақтөбе» футбол клубының 19-жасар шабуылшысы Максим Самородов қорытындылады. Максим наурыз айында Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады, бірақ тұрақты түрде Қайрат Нұрдәулетовтың командасына шақырту алып отырды. Қазақстан жастар құрамасы сапындағы соңғы ойынында ол Шотландия қақпасына соғылған голдың авторы атанды.

Маусымның ортасында Самородов жарақат алып, біраз ойындарға қатыса алмады. Дегенмен, аяқталған маусымның қорытындысы бойынша ол 27 ойын өткізіп, 4 доп соқты.

Кім кімге дауыс берді:

 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6190 )