РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қайрат» ФК — 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-Қазахстан Кубогының иегері!

29 Қараша 2021, 01:00

«Қайрат» футбол клубы 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-Қазахстан Кубогының иегері атанды.

Финалда «Қайрат» пен «Шахтер» командалары нағыз триллер көрсетті. Бірінші тайм алматылық команданың басымдылығымен аяқталды – 2:0, Вагнер Лав дубль авторы атанды. Бірақ екінші таймда қарағандылық ұжым ойын барысын өзгертті – есепті Михаил Габышев пен Мартин Тошев теңестірді.   

Бірінші экстра-таймда «Қайрат» қорғаушылары Идрис Умаев айып алаңында шалып құлатты, бас төреші VAR көмегіне жүгініп, пенальти белгіледі. Айдос Таттыбаев пенальтиді сенімді орындады. Екінші экстра-таймада қарағандылық команданың голына қосалқы құрамнан қосылған Артур Шушеначев жауап қайтарды. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды.   

Ойыннан кейінгі пенальти сериясында алматылық команда жеңіске жетті – 9:8.

Қайрат - Шахтёр - 3:3, пенальти сериясы 9:8.
Голдар: Вагнер Лав 6 (1:0), Вагнер Лав 40 (2:0), Габышев Михаил 48 (2:1), Тошев Мартин 75 (2:2), Таттыбаев Айдос пенальтиден 97 (2:3), Шушеначев Артур 110 (3:3).

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6186 )