РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАсхат Тағыберген — Вахид Масудов жүлдесінің иегері!

23 Қараша 2021, 17:40

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік жартылай қорғаушысын анықтау мақсатында лигамен OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатында ойнаған клуб басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама өткізілді.

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Вахид Масудов жүлдесін тағайындады. Бұл марапат жыл сайын маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік жартылай қорғаушысына беріледі.

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Тобыл» мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Асхат Тағыберген үздік жартылай қорғаушы болып таңдалды.

Тағыберген өткен маусымда тамаша ойынымен көзге түсіп, OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының алтын медалін иеленді. Ол жарыстың 23 ойынында 4 гол соғып, 6 ассист жасады. OLIMPBET-Қазақстан Кубогында Тағыбергеннің еншісінде 5 ойын, 2 гол. Сонымен қатар, ол хорватиялық «Хайдуктың» қақпасына шешуші голды соғып көзге түсті.

Үздіктер тізімінде екінші болып «Қайрат» командасының черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косович атанды. OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының аясында балкандық ойыншы 24 ойынға қатысып, 4 гол соқты және 2 ассист жасады. Косович УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде «Қайраттың» негізгі құрамының ойыншысы болып табылады, сонымен қатар Небойша — Черногория құрамасының маңызды мүшелерінің бірі.

Үздік үштікті тәжірибелі ойыншы Жоао Пауло қорытындылады. Бразилиялық легионер маусымды шымкенттік «Ордабасы» сапында бастап, алматылық клубқа ауысқанға дейін OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатында 14 ойында 8 гол соқты. Өзінің «Қайрат» құрамындағы екінші кездесуінде Жоао жарақат алып қалып, маусымның соңында ғана алаңға қайта оралды.

Кімге кімге дауыс берді:

Фото: ФК «Тобыл» баспасөз қызметі

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6174 )