РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар БАҚ өкілдерінің назарына!

23 Қараша 2021, 16:36

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан Кубогының финалдық ойынына БАҚ өкілдеріне аккредитация алу үшін ұсынымдар қабылдайды.

Ойын 2021 жылдың 28 қарашасында Нұр-сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Аккредитация алу үшін 26 қарашаға дейін журналистер тізімі, аккредитация түрі көрсетілген ұсынымды лиганың баспасөз қызметіне жіберу қажет. Ұсыным бұқаралық ақпарат құралы ресми бланкісінде ресімделуі тиіс, оған бас редактордың немесе басқа уәкілетті тұлғаның қолы болуы тиіс.

COVID-19 пандемиясына қатысты шектеулерге байланысты стадиондағы БАҚ орындардың саны шектеулі. Сонымен қатар аталмыш шектеулерге байланысты БАҚ өкілдерін стадионға кіру ASHYQ қосымшасы арқылы «ЖАСЫЛ» мәртебе болған жағдайда ғана рұқсат етілген.

Барлық ұсынымдарды press@pflk.kz электрондық поштасына жіберу керек.  

Анықтама телефоны: +7 (701) 379-16-36.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6173 )