РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар2021 жылғы маусымдағы Екінші лиганың қорытындысы. Солтүстік-Шығыс конференциясы

11 Қараша 2021, 13:27

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша үздік бас бапкер мен ойыншыны анықтау мақсатында Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясында сауалнама өткізді. Сауалнамаға осы конференцияға қатысқан командалардың барлық бас бапкерлері мен капитандары қатысты. Респонденттердің таңдауына әр номинация бойынша маусымның үздік үш үміткері ұсынылды.

Сауалнамаға қатысқан ойыншылар арасында бірінші орынды Солтүстік-Шығыс Конференциясының үздік бомбардирлерінің бірі – Арсен Елемесов жеңіп алды. Елордалық «Жеңістің»шабуылшысы өткен маусымда Біріншілікте 22 ойын өткізіп, 20 гол соқты. Елемесовтың сұрмергендік таланты командаға жарыста үшінші орын алуға көмектесті. Арсен бұл номинацияны екінші рет жеңіп алды. Бірінші марапат оған 2019 жылдың қорытындысы бойынша бұйырды.

Екінші орынды «Жетісу»жастар командасының шабуылшысы Алексей Михайлов иеленді. 20-жасар шабуылшы бірден үш турнирге қатысты – ол OLIMPBET-Чемпионатына, OLIMPBET-Кубогына және Екінші лигада бағын сынады. 22 ойында Алексей қарсылас қақпасын 16 рет дәл көздеді.

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік үштікті «Жас Қыранның» жартылай қорғаушысы Ильяр Сауытов тұйықтады. 21-жасар жартылай қорғаушы Екінші лиганың 21 ойынында 13 гол соғып, Солтүстік-Шығыс конференциясының дебютант-командасының көшбасшыларының бірі болды.

Кім кімге дауыс берді:

Ахмет Барзукаев Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс Конференциясының үздік жаттықтырушысы болып танылды. 63-жасар маманның жетекшілігімен «Жетісу» жастар командасы маусымның 22 ойынында 17 рет жеңіс жетіп, өз конференциясында бірінші орын алды.

Екінші орынды бас бапкер ретінде алғаншы маусымын өткізген Егор Азовский иеленді. Егор Иванович астаналық «Жеңіспен» бірге турнирдің қола медалін жеңіп алды. Оның бастауымен команда жарыстың 22 турында 15 жеңіске қол жеткізді.

Үздік үштікке Александр Кузнецов кірді. 36-жасар қазақстандық маман «Жас Қыран» командасымен бірге ұзақ уақыт бойы жарыста көш бастап келіп, тек маусым соңында ғана қарсыластарын алға жіберіп қойды. Нәтижесінде «Жас Қыран»14 жеңіске жетіп, Біріншілікті бесінші орында аяқтады.

Кім кімге дауыс берді:

 
 
Фото: «Жеңіс» ФК баспасөз қызметі, «Жетісу» ФК баспасөз қызметі

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6164 )