РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Шахтер» стадионында ойындар өткізуге тыйым салынды

04 Қараша 2021, 14:21

Қазақстанның футбол федерациясының алаңдарды тексеру комиссиясының шешімімен OLIMPBET-Қазақстан Кубогының ½ финал «Шахтер» - «Тобыл» ойынын Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында өткізуге тыйым салынды, деп хабарайлады Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы.

«Шахтер» стадионында жасанды алаңның жылыту жүйесі толық көлемде жұмыс істемейді. Сонымен қатар алаңның түйіршіктерінің көлемі талапқа сай келмейтіні анықталды, аталмыш факторлар соққының амортизациясы мен доптың серпілісіне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашын мөлшерінің артықтығына байланысты, сонымен қатар футбол алаңының қатуы мен жылыту жүйесінің әлсіз жұмысын ескере отырып, комиссия Қарағандыдағы «Шахтер» стадионы матчтарды өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді және ойыншылардың жарақат алу қауіпі бар деген қорытынды шығарды.

Комиссияның шешімі бойынша «Шахтер» - «Тобыл» ойыны басқа стадионда өтеді.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6158 )