РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАйдос Таттыбаев — шілде айынның Қазақстанның үздік ойыншысы

15 Тамыз 2021, 14:39

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен OLIMPBET-Қазақстан Кубогының үздік ойыншысын анықтады.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы бапкерлер мен капитандар үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік ойыншысы болып қарағандылық «Шахтер» командасының тәжірибелі шабуылшысы Айдос Таттыбаев атанды. Қазақстандық ойыншы 21 ұпай жинады.

Аталмыш тізімде екінші орынға елордалық «Астана» клубының көшбасшысы Марин Томасов орналасты. Ол Таттыбаевтан бір ұпайға кем жинады. Үшінші орында – «Қайрат» командасының шабуылшысы Артур Шушеначев. Шушеначев 12 ұпайға қол жеткізді.

Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Кубогының 5-тур «Шахтер»-«Ордабасы» ойынының алдында ҚКФЛ атқарушы директоры Қуаныш Бақытбеков табыстады.

Кім кімге дауыс берді:

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6076 )