РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОтандық клубтардың еурокубоктық турнирлерде плей-офф кезеңіндегі потенциалды қарсыластары анықталды

02 Тамыз 2021, 19:40

Швейцарияның Ньон қаласында 2021/2022 жылғы маусымның УЕФА Еуропа Лигасы және Конференциялар лигасының плей-офф кезеңдерінің жеребесі тартылды.

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде армениялық «Алашкертті» жеңсе, турнирдің плей-офф кезеңінде «Мальме» (Швеция) – «Рейнджерс» (Шотландия) жұбының жеңілген командасымен ойнайды. Алғашқы ойыны 19 тамызда сырт алаңда өтсе, ал қарымта кездесу 26 тамызда Алматыда жоспарланған.

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының үшінші кезеңінде сәтсіз өнер көрсеткен жағдайда, Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне өтеді. Осылайша, «Линфилд» (Солтүстік Ирландия) – «Фола» (Люксембург) жұбының жеңімпазы алматылықтардың потенциалды қарсыласы болады.

Елордалық «Астана» финляндиялық КуПС клубын жеңген жағдайда турнирдің плей-офф кезеңінде немістердің «Унион Берлин» клубымен бақ таласады.

Қарағандылық «Шахтердің» Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы «Спартак Трнава» (Словакия) – «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) жұбының жеңімпазы болмақ.

Қостанайлық «Тобыл», егер «Жилина» клубынан басым түскен жағдайда, келесі кезеңде потенциалды қарсыласы «Яблонец» (Чехия) – «Селтик» (Шотландия) жұбының сәтсіз ойнаған командасы қарсылас атанады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел намысын халықаралық аренада қорғайтын барлық отандық клубтарға алдағы ойындарда сәттілік тілейді.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6065 )